Сен де бір кірпіш дүниеге…

Оқуға түсіп, қолдарына диплом алу – әрбір жастың үкілеген үміті. Қазіргі таңда Көкшетау қаласындағы №1 құрылыс-техникалық колледжін бітіруші түлектер дәл осындай шаттыққа кенелуде.

Жуырда жоғарыда аталған оқу орны колледж түлектеріне диплом тапсыру рәсімін өткізді. Оған облыстық жастар ресурстық орталығының директоры, Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Тимур Ысқақов, облыстық кәсіпкерлер палатасы басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Айжан Тәжмиева, серіктестік басшылары, еңбек ардагерлері қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Бүгінде отандық білім беру мен бизнес саласы арасындағы әріптестік байланыс күшейіп келеді. №1 құрылыс-техникалық колледжі облыстағы кәсіби білім беретін алдыңғы қатардағы колледждердің бірі. Мұнда мамандарды дайындау экономика саласының үш бағыты бойынша жүргізіледі: құрылыс, қызмет көрсету саласы, өнеркәсіп.
– Біздің негізгі мақсатымыз – аймақ экономикасына қажетті маман даярлау. Бұл мәселеге Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ерекше мән бергені белгілі. Себебі, кәсіптік білім – келешек кепілі. Биыл біз 184 түлекті ұямыздан ұшырып отырмыз. Оның 44-і жоғары дәрежелі мамандар. Елімізде жастарды қолдауға арналған «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасын біз де қуаттаудамыз. Колледждің 24 түлегі осы бағдарлама аясында елді мекендерге барып жұмыс істегелі отыр. Бұл біз үшін үлкен қуаныш.  Мен өз басым барлық түлектерімізге ақ жол сәт сапар тілеймін, – деді өз сөзінде колледж директоры Алпысбай Омаров.
Колледж түлегі Ертай Күрес Ерейментау ауданындағы Бозтал ауылына барғалы отыр.
– «Мен «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасын қолдаймын. Бүгінгі күні ауылды аймақтарда кадр  жетіспеушілігі мәселесі бар. Себебі, жастар қалада қалғысы келеді. Бірақ, мамандығы бойынша жұмыс таба алмай, кейін дипломы шаң басып,  басқа жұмыспен айналысып кеткендер де аз емес. Ал, мен өз еңбегімді ауылға арнап, ауылды көркейтіп, дамытқым келеді», – деді Ертай бізбен әңгімесінде. Қуантарлық жәйт.
Біз де өз кезегімізде құрметті түлектерге «Бақытты жарқын өмiрге басқан қадамдарыңыз бен дипломдарыңыз құтты болсын!» дегіміз келеді.

 

Салтанат ДОСЕТОВА

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар