Жаралғансың бағыма

Ерке Есіл, нұрлы Нұра даласы,
Мекен еткен алты Алаштың баласы.
Айдай ару, күндей көркем Астана,
Қазағымның қиялдағы қаласы.

Ерейментау, Көкшетаудың арасы,
Киіктердің киелі кең даласы.
Бурабайым, Қорғалжыным, қорығым,
Теңіз көлі, Сілетінің саласы!

Сарыарқам-ай, сағынышым, сағым-ай,
Жаралғансың бар қазақтың бағына-ай!
Бәйтерегі – бар тілегі қазақтың,
Көк бөрілер көптен күткен сағына-ай!

Нұр Астана, нұрлы Астана, Астана,
Елордамыз, Ақордамыз – Астана.
Бағзы қала, байтақ қала, бай қала,
Жасыл қала, асыл қала, Астана!

Тұрсынбек ӘЛИҰЛЫ.
Астана.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар