Астана тойына ақмолалықтар тартуы

Астана күні мерекесі қарсаңында облысымызда 55 нысан пайдалануға берілді. Ақмолалықтар арайлы Астанамызға 18 жыл толған осы бір мерейлі күнді естерінде ұзақ уақыт бойы сақтайтын болады. Шілденің бірінен бастап аймақта шағын және орта бизнес, агроөнеркәсіп, әлеуметтік салаларда, сондай-ақ, балалардың  демалыс ұйымдарында жаңа нысандар бірінен соң бірі ашыла бастады.

 

Алдымен Жаңа әлеуметтік нысандар

 

4 шілде күні облыс әкімінің қатысуымен үш бірдей нысан салтанатты түрде ашылды. Зеренді селосында орталық жаңа емхана село тұрғындарын қабылдауда. Бұл емхана Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Денсаулық сақтау саласындағы 350 нысан» тапсырмасы аясында салынып, пайдалануға берілді. Өңір басшысы Зеренді селосының тұрғындарын жаңа да жайлы, медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген емхананың нақты қамқорлық екендігін атап айтты. Әр ауысымда 250 адамды қабылдай алатын емхана бүгінгі күннің талаптарына толық жауап береді, әрі жаңа нысанның пайдалануға берілуі 116 село тұрғынын жұмыспен қамтып отыр. Емхананың құрылысына 1,4 миллиард теңге қаржы жұмсалды.
Бүгінгі күні ауданда 37 мың адам тұрады. Жыл сайын 750 сәби өмірге келуде. Дәл осы күні ауданның
Троицк селосында дәрігерлік амбулатория ашылды. Бұған дейін село тұрғындары медициналық көмекті толық ала алмай келген болатын. Ендігі арада заман талабына сай қаралуға, емделуге толық мүмкіндік бар. Селодағы дәрігерлік амбулатория әрбір ауысым сайын
25 келушіні қабылдай алады. Өңір басшысы ғимаратты аралап көргеннен кейін село тұрғындарымен кездесіп, Астана күні мерекесімен құттықтады. Бүгінгі таңда Троицк селосында 2700 адам тұрып жатыр. Жаңа дәрігерлік
амбулатория төңіректегі 10 елді мекеннің тұрғындарына қызмет көрсететін болады. 

 

 

Одан әрі Жаңа пәтерлер қуанышы

 

Көкшетау қаласының 60 отбасы мерейлі мерекені жаңа пәтерлерінде қарсы алуда. Шілденің 4-і күні облыс әкімі Сергей Кулагин әрқайсысы отыз пәтерлі екі тұрғын үйдің кілтін тапсырып, қуанышты еселей түсті.
– Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан
Назарбаев біздің мемлекетімізді барлық қазақстандықтарға ортақ үлкен үй есебінде тұрғызуда. Онда өмір сүруге барлық қолайлы жағдайлар туғызылған. Ал, әр шаңырақты жекеменшік пәтерлермен және үйлермен қамтамасыз ету үшін орасан зор жұмыс жүргізілуде. Осы мақсатта мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, көптеген санаттағы ел тұрғындарының қолжетімділігі қамтамасыз етілген. Бұл арада аса маңыздысы әрбір адамның жұмыс істеп, қаражат тауып, мемлекет ұсынып отырған мүмкіндіктерді пайдалана білуінде. «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде тұрғын үйлердің салынып, пайдалануға берілуі біздің қаламыздың тұрғындары үшін айрықша маңызды әрі қуанышты мереке, – деп атап өтті облыс әкімі жаңа қоныстың иелерімен жүздескен сәтінде. Жаңа қонысқа ие болғандардың ішінде Нұргүл мен Ойрат Сұрағановтар да бар. Олар енді үш бөлмелі пәтерде тұратын болады.
–2011 жылдан бері «Тұрғын үй құрылыс жинақ  банкі» акционерлік қоғамының салымшылары болып келдік. Бес жыл бойы бағдарламаның шарттарын бұлжытпай орындадық. Енді міне, көптен күткен арманымыз орындалып, жаңа пәтерге ие болып отырмыз,–дейді отағасы.
Үстіміздегі жылы облыс орталығында 75,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 21,6 мың шаршы метрге көп. Оның ішінде 6 мың шаршы метрі немесе 90 пәтер мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде салынды. Жыл соңына дейін 500 пәтерді табыс ету жоспарлануда. 90 жас отбасын жайлы да жаңа пәтерлермен қамтамасыз ету көзделген. Ал, тұрғын үй құрылыс банкінің салымшыларына (171 пәтер) беріледі.

 

 

Бестөбе кентіне де сапалы ауыз су келді

 

Степногорск қаласының әкімі Әнуарбек Күмпекеев мереке қарсаңында кент тұрғындарымен бірге қуанды. Ел үшін айрықша маңызды мәселенің оңынан шешіліп, жергілікті жұртшылықтың зор қуанышқа ие болған сәтіне ортақтасты. 2020 жылға дейін аймақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде соңғы үш жыл бойы «Бестөбе кентін сумен қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту» жобасы жүзеге асырылды.
Осы уақыт ішінде құрылыс компаниясы 95 шақырым су жүйесін салып шықты. 15,2 шақырым магистральді су жүйесі және кент ішінде 79,8 шақырым су тарату жүйесі іске қосылды. Үстіміздегі жылдың жаз маусымында тұрғын үй секторы мен әлеуметтік маңыздағы нысандарға су жеткізу жұмыстары жүзеге асырылды.
Осы жұмысқа республикалық бюджеттен 1 миллиард 718,9 миллион теңге қаражат бөлінді. Сөз арасында кент тұрғындары 22 жыл бойы тазалығы күмәнді, кей кезде тіпті санитарлық нормаларға сәйкес келмейтін ауыз суды тасып ішкендігін айта кету керек. Су құбырының пайдалануға берілуі Бестөбе кентінің барлық тұрғындарын 100 пайыз таза ауыз сумен қамтуға мүмкіндік беріп отыр.

 

 

Атбасарда – элеватор,  жақсыда – шұжық цехы

 

Атбасар ауданында 35 мың тонналық элеватор кешені пайдалануға берілді.
Жақсы ауданында «Айбат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шұжық өнімдері цехы мен ет өнімдерін дайындайтын цехты пайдалануға берді.
Бұл жобаны жүзеге асыру барысында жаңадан 10 жұмыс орны ашылды. Жұмысшыларға тұрақты еңбекақы төленеді. Инвестиция көлемі 150 миллион теңгеден астам қаржыны құрап отыр. Мұнда өндірілген өнімдер сұранысқа ие.

 

 

«Достықта» 300 бала дем алатын болады

 

Сандықтау ауданындағы Приозерное селосында мереке қарсаңында «Достық» балалар сауықтыру орталығы ашылды. Жаңа мекеме осындағы орта мектептің жанында салынды. Мұнда бір ауысымда елу балаға дейін тамаша табиғаттың аясында алаңсыз дем алып, денсаулықтарын шынықтыра алады. Жаз маусымында 300-ден астам баланы қабылдау жоспарланған. Олардың арасында әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасылардың жеткіншектері, жетім, мүгедек балалар тәрізді топтар бар. Білім ошақтарының үздік оқушылары да осында.
Балалардың сауықтыру орталығын ашуға 9 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалды. Осы қаржының арқасында балалардың демалыс маусымын жоғары деңгейде ұйымдастыруға барлық мүмкіндік туғызылған. Жанға жайлы жатын бөлмелерімен бірге кітапхана, компьютер сыныбы, ойын алаңдары да кірпияз көңілдің талабына толық жауап бере алады. Орталықта спорт алаңы, мәдени ойындар өткізілетін сахна да бар. Көл жағасында барлық талапқа сай жағажай орналасқан.

 

 

Астананың 18 жылдығына – 18 көше тренажері

 

Астананың 18 жылдығына орай Целиноград ауданының 18 селолық округінде 18 көше тренажерлері пайдалануға берілді.
Әрбір селода салауатты өмір салтын сақтап, спортпен айналысуға мүмкіндік туғызылды. Село тұрғындары ендігі жерде воркаут стритпен айналыса алады.
Воркаут дегеніміз халықаралық жастар қозғалысы. Ол қозғалыс көше жаттығулары атауымен белгілі.
Бұл жобаны жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен 5 миллион 200 мың теңге қаражат бөлінді.

 

 

200-ден астам тұрғын жұмыспен қамтылды

 

Бурабай ауданында қайырымдылық акциясы шеңберінде 250 жетім, мүмкіндігі шектеулі және әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларын қамтитын Дельфинарий өткізілмек. Бұл тәуелсіз мемлекеттер достастығында бірінші және жалғыз кешен. Бұл жерде балалар теңіз хайуа-наттарын, екі қара теңіз дельфинін, белуха китін, үш теңіз мысығын тамашалай алады. Гастроль 2015 жылдың мамыр айынан бері еліміздің барлық өңірлерінде өткізілуде. Көрермендер залы 550 келушіні қабылдай алады.
Жоғарыда айтқандай, аймақта тұтастай алғанда 55 нысан пайдалануға берілді. Оның ішінде селолық жердегі жиһаз цехтары, қоғамдық монша, сауда үйлері, балалар алаңдары бар. Бұл нысандардың пайдалануға берілуі аймақтың 200-ден астам тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар