Мүгедек балаларды күту – өзекті мәселелердің бірі

Ақмола медиа орталығында мүгедек балаларға күтім жасаудың және оларға дұрыс қараудың жай-жапсарын оқытып, үйрететін арнайы жобаны жүзеге асыру бағытында игі шара өтті.

Мүгедек балаларды күту және оларға дұрыс қарау медициналық қана емес, әлеуметтік сипаттағы  күрделі және көп қырлы мәселе болып табылады. Осыған орай, ата-аналарға бұл жайды түсіндіру, соған дайындау кәсіби оқытуды талап ететін қиын шаруа. Міне, осындай күрделі істі жүзеге асыруға «Таза ниет – Астана» қоғамдық қоры мұрындық болып, «Мүгедек балаларды әлеуметтік қолдау және денсаулықтарын қалпына келтіруді ата-аналарды оқыту арқылы жүзеге асыру» жобасын қолға алды. Көкшетау медициналық-әлеуметтік мекемесінің директоры Алтын Мұстафинаның айтуынша, бұл жобаның мақсаты мүгедек балаларды қалпына келтіру процесін үзбей жүргізуге жағдай жасау. Мұндай істі тек медициналық мекеме ғана атқарып қоймай, үйде ата-аналар да оған атсалысса, нәтижелі болмақ.
Ата-аналарды оқыту екі кезең арқылы жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде теориялық білім берілсе, екінші кезеңде қадағалау арқылы ата-аналар алған білімдерін нақты тәжірибеде жүзеге асырмақ. Оқуды бітіргеннен кейін арнайы сертификат беріледі. Жаңа жоба  мүгедек балаларды қалпына келтіруге игі ықпалын тигізіп қана қоймай, мемлекеттік бюджеттің және отбасының қаржысын үнемдеуге де оң әсерін тигізеді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар