Таңдаулының бірі

Облыс орталығындағы іргелі кәсіпорындардың бірінен саналатын «НовоПЭК»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тігін фабрикасында бүгінгі таңда ұн, бидай тәрізді ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдауға қажетті полиэтилен қаптарының түр-түрі шығарылады.
Өнім ТМД елдері, Қытай және өзге де шетелдерге экспортталады. Өнімнің сапасы жоғары болғандықтан, отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер де осында тігілген полиэтилен қаптарды пайдаланады. Кәсіпорынның бүгінгі қол жеткізіп отырған жетістігіне осында күн-түн демей, еңбек етіп жүрген 800-ге жуық біліктілігі жоғары тігінші мамандардың қосып келе жатқан үлесі зор. Олардың арасында күнделікті жоспарын асыра орындап жүрген өз ісінің майталман шебері, тігінші Айнұр Қожамбергенова да бар.

Аслан ОСПАНОВ.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар