Велосипед мініп шықты

Макинск  қаласында аудан әкімі Қуандық Есбергенов бас болып барлық мекемелер мен ұйымдардың басшылары велосипедке отырды.

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілген шара бір реттік болып қалмай, адамдардың тұрақты өмір салтына айналады деген үміт бар. Жұмсақ орындықта отырып жұмыс істейтін басшылар мен қызметкерлер арасында соңғы кезде әлемдегі ең қатерлі дерттің біріне айналған жүрек – қантамыр аурулары белең алып барады.  Ой еңбегімен айналысатын зиялы қауым арасында артық салмақтан азап шегіп жүретіндер де аз емес. Осы орайда, велосипедпен серуендеудің тигізер игі ықпалы аз болмасы анық. Бұл бір жағы денсаулықты жақсартатын спорт болса, екіншіден, арзан көлік те.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар