Триатлоннан тұңғыш рет Бурабай кубогі үшін алқалы жарыс өтеді

10 шілде күні Қазақстан әуесқойлар триатлоны Федерациясы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен әуесқойлар мен кәсіби спортшылар арасында Қазақстан Республикасының «Sprint Triathlon Burabay-2016» бірінші кубогін өткізеді.

Жарыстың өткізілетін орны – Ақмола облысындағы «Бурабай» ұлттық паркі, «Айнакөл» отелінің маңы. Көгілдір нұрға малынған, саф ауалы, көркем, курортты аймақ жарысқа қатысушыларды қуана қарсы алмақшы. Бүгінгі таңда осыған дайындық жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Жарысты Үкіметтен жоғары ла-уазымды тұлғалар мен атақ-даңқы әлемге танымал Олимпиада чемпионы Владимир Винокуров, «Astana pro team» футбол командасының өкілдері, дүниежүзіндегі 14 сегіз мың метрлік шыңның барлығын бағындырған тұңғыш қазақ, әлемдік деңгейдегі даңқты альпинист Мақсұт Жұмаев, бірнеше әлемдік рекордтардың иесі, Гиннесс рекордтар кітабының  жеті дүркін  рекордшысы, жалғыз өзі Азия, Африка, Австралия және Американың құм басқан құла түздерін кесіп өткен жер шарындағы бірден-бір адам, марафоншы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Марат Жыланбаев және басқа да меймандар тамашалайтын болады.
9 шілде күні барлық қатысушылардың ойын-сауық, танымдық бағдарламаларды тамашалап, әлемге аты жайылған спорт жұлдыздарының шеберлік сыныптарына қатысу мүмкіндігі бар. Ал, шілденің 10-ы күні дүбірлі дода басталмақшы. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар