Мейірім мен шапағат мерекесі

Төңкеріс ауылдық мешіті Ораза айтын тойлап, мұқтаж жандарға қайырымдылық танытты. Ислам діні – мейірімділік пен ізгілікке құрылған дін. Жаратушы Алла тағала ерек- ше мейірімді.

Сондықтан, ол пенделердің ішінен рахымдыларын өз мейірімі мен шапағатына бөлейді. Ораза айтының құрметіне Төңкеріс мешітінің бас имамы Бекболат қажы Хасенұлы жетім-жесірлер мен көпбалалы жəне тұрмысы нашар отбасыларға арнап айт шайын берді. Дəстүрге айналған бұл шарада 70-80 балаға ойыншықтар мен тəтті тағамдар с а л ы н ғ а н қ о р ж ы н д а р ү л е с т і р і л і п , сыйлықтар берілді. Сондай-ақ, қазақтың ұлттық ойындары ойнатылды. Айт шайы- на арнайы шақырылған ауыл əкімі Совет Жұмабаев балаларға жылы лебізін айтып, айт мерекесімен құттықтады. Айт намазында ауыл тұрғындары мен сырттан келген қонақтар да көп болды. Олар имамның айтқан уағыз-насихатын тыңдап, рухани сусындап қайтты. Игі шараны ұйымдастырған Бекбо- лат қажы мен оған жұмыла кіріскен ауылымыздың қайырымды азаматтары- на алғыс айтамыз. Алдағы уақытта да Төңкерісте бұл діни мереке осылай аталып өтетініне нық сенімдіміз.

Асылхан ШƏКІРОВ.

Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар