Туындатпаған абзал

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ бітімгершілік орталығы, Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігінің ұйымдастыруымен еңбек дауларын шешу мəселелері жөнінде семинар болып өтті.

Селекторлық режимде өткен семинарға Қазақстан Респуб- ликасы Кəсіподақтар федерациясы, Қазақстан Республикасы «Атамекен» ұлттық кəсіпкерлер палатасы, өңірлік кəсіпкерлер палатасы мен кəсіподақ ұйымдары, «Самұрық-Қазына» Ұлттық банк қоры «Əлеуметтік серіктестік орталығы» акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы, өңірлік ішкі саясат басқармалары, Астана мен Алматы қалалық, облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармаларының басшылары, Астана мен Алматы қалалық жəне облыстық əкімдіктердің баспасөз қызметі, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Семинарды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігі Еңбек, əлеуметтік қорғау жəне көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Төлеген Оспанқұлов ашып жүргізіп отырды. Ол өз сөзінде Қазақстанда бұрын ел арасындағы əртүрлі дауларды билер шешіп отырғанын, бүгінгі таңда енгізілейін деп отырған бітімгершілік жүйесі осыған ұқсас екенін атап өтті. Əлемді жайлаған дағдарыс біздің елімізді де айналып өтпеді. Кейбір кəсіпорындар жұмысын тоқтатты. Сондай-ақ, еңбеккерлерді қысқарту, еңбекақыны кешіктіру тəрізді еңбек дауы қылаң бере бас- тады. Осындай дауды сотқа дейін жеткізбеу үшін оның алдын алу қажет. Бұндай шара Қазақстан халқы Ассамблеясында қолға алынған. Соның арқасында көпұлтты еліміздің халқы өзара түсіністікпен өмір сүруде. Мемлекет басшысы жанындағы «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі бөлімінің бас сарапшысы Дəурен Алпамысұлы Бітімгершілік институты жұмысының негізгі бағыты, бүгінгі жағдайы жəне дамуы жөнінде айтып берді. Ат а лмыш комитеттегі еңбек заңнамасын бақылау басқармасының бас сарапшысы Шолпан Молдабекова сөз сөйлеп, еңбек дауларын заңды жолмен шешу жолында мемлекеттік органдар мен əлеуметтік серіктестердің өзара тиімді жұмыс істеуінің түрлері мен əдістері жөнінде айтты. Дау мəселелерімен қоғам айналысуы керек. Осы орайда, əр салада ақсақалдар алқасы тəрізді қоғамдық ұйым жұмыс істемек. Бүгінгі таңда Маңғыстау өңіріндегі жағдай дабыл қағарлықтай. Өңірдегі еңбек дауларын реттеу шаралары жəне шағын қалаларда арнайы өкілдіктер ашу жөнінде Маңғыстау облыстық еңбек басқармасы басшысының орынбасары Шыңғыс Дүйсенов айтып берді. Сондай-ақ, семинарда еңбек дауын екі жақ арасында келісімге қол жеткізу əдісі ретінде бітімгершілікті дамыту, Қазақстанда бітімгершілікті қолдану тəжірибесі, еңбек дауларының алдын алуда Ұлттық кəсіпкерлік палатасы жұмысының негізгі бағыты жəне еңбек дауларын реттеуде кəсіподақтардың рөлі жөнінде айтылды.

Рамазан Тілеуов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар