Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әлеуметтік жобалар қолдау тапты - АРҚА АЖАРЫ

Әлеуметтік жобалар қолдау тапты

Ақмола облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының ұйымдастыруымен Көкшетаудағы Достық үйінде үздік әлеуметтік жобалар көрмесі болып өтті.

Аталмыш көрме облысымызда осымен үшінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Өткен жылы «Мен бәрін істей аламын! Менің қолымнан бәрі келеді!» атты жобаны ұсынған Көкшетау қаласындағы психоневрологиялық ауытқулары бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға медициналық әлеуметтік көмек көрсететін мекеме байқау жеңімпазы атанған болатын. Биылғы жылы байқауға жеті жоба қатыстырылып отыр.  
Олардың басым көпшілігі өмірде қиын жағдайға тап болған мүгедек балаларды оңалту, қоғамда өз орындарын табуға көмектесуді мақсат еткен жобалар. Жиналғандар алдында құттықтау сөз сөйлеген облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Шолпан Рахматуллина мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту мақсатында жыл сайын облыстық бюджеттен қомақты қаржы бөлініп келе жатқанын айта келе, бүгінгі күні облыс аумағында 20 мың мүгедек тіркелгенін және осы салада  еңбектерімен көзге түскен бірқатар үкіметтік емес ұйымдарды ерекше атап өтті. Олардың арасында «Ақкөлдегі №1 балалар үйі» мемлекеттік мекемесі, Көкшетаудағы «Шанс» мүгедектерді оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігі,  Степногорскідегі «Ерлік» тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектердің қоғамы мен «Балапан» мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар қоғамы, Атбасар қаласындағы «Целина» қоғамдық қоры және Жарқайың ауданындағы «Ақмола облысы мүгедек балаларды қолдау қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі бар.
Осылайша қазылар алқасы ақылдаса келе, «Көкшетау қаласы мен Краснояр кентінде 1-ші топтағы мүгедектерге және 18 жасқа толмаған қозғалып жүруі қиын балаларға үйлеріне барып, паллиативті көмек көрсету орталығын ұйымдастыру» жобасын ұсынған Көкшетау қаласындағы «Шанс» мүгедектерді оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігін жеңімпаз деп таныды. Енді бұл ұжым алдағы уақытта іріктеуден өтсе, Шымкент қаласында өтетін республикалық көрмеде облыс намысын қорғайтын болады.

 

Аслан ОСПАНОВ

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар