Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламентінің екінші сессиясының ашылуына қатысты. - АРҚА АЖАРЫ

1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламентінің екінші сессиясының ашылуына қатысты.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алтыншы шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламентінің екінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі

Құрметті депутаттар!
Құрметті Үкімет мүшелері!
Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабына сәйкес алтыншы шақырылымдағы Парламенттің екінші сессиясын ашық деп жариялаймын.
Құрметті депутаттар!
Баршаңызды жаңа парламенттік маусымның басталуымен құттықтаймын.
Жер-жерде сайлаушылармен кездесіп, жаңа ой-пікірлер жинақтады деп сенемін.
Биылғы сессия қастерлі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын тойлайтын кезеңге сай келіп отыр.
Қазір әлемдік экономика аса күрделі кезеңдердің бірін бастан өткеруде.
Шекара талғамайтын терроризм мен экстремизм дүниенің барлық қиырын шарпып келеді.
Мұның бәрі жаһандық әлемнің ажырамас бөлігі – Қазақстанға да ықпалын тигізуде.
Соған қарамастан, біз заманның сын-қатерлеріне лайықты жауап беру үшін зор қызметтер атқарып келеміз.
Еліміз Тәуелсіздік тарихының екінші ширегін тың қарқынмен бастайды деп сенемін.
Біз «Қазақстан-2050» Стратегиясында көздеген мақсаттарымызға үздіксіз ұмтылатын боламыз.
Алдымызда үлкен міндеттер мен ауқымды жұмыстар тұр.
Бұл орайда, Парламентке де зор жауапкершілік жүктеледі.
5 институттық реформаны жүзеге асырудың Ұлт жоспарын заңнамалық қамтамасыз ету қарқынмен жалғасын табуы қажет.
Еліміздің дамуына қажетті көптеген заңдар қабылдау керек.
Олардың ішінде кезек күттірмейтін, қысқа мерзімде қабылдау қажет заңдар бар.
Мен кәсіби Парламентіміз өзіне жүктелген тарихи міндетін абыроймен атқарарына сенімдімін.
Құрметті депутаттар!
Парламенттің екінші сессиясы жұмысын жауапты тарихи кезеңде бастап отыр.
Біріншіден, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын қарсы алуға дайындалуда. Бұл – жылдың ең негізгі оқиғасы.
Бізге еліміздің барлық жетістігін саралау қажет. Мерейтойлық оқиғаның өзі түсіндіру жұмыстарының қорытынды кезеңі болуы тиіс. Біз қол жеткізе алған нақты нәтижелерді әрбір қазақстандықтың сезінгені қажет. Сондай-ақ, болашақ жоспарларды да айқындау маңызды.
Екіншіден, біз Қазақстанды жан-жақты жаңғырту жөніндегі Ұлт жоспарын жүзеге асырудың жаңа кезеңіне кірістік. Парламентке Үкіметпен бірлескен сындарлы жұмыс дәстүрін жалғастырған жөн.
Жаңа заңдарды әзірлеу және қабылдау жөніндегі барлық мәселе бойынша Үкіметпен тығыз әрі үйлесімді іс-қимыл жүргізу керек, бұл ретте заңдар жете пысықталуы және сапалы болуы тиіс.
Әсіресе, Сенат пен Мәжіліс депутат-тарының халыққа жаңа заңнаманың мақсаты мен міндеттерін түсіндірудегі рөлін күшейту маңызды. Ең алдымен, азаматтардың назарын заңдардың экономикалық және әлеуметтік оң әсеріне, бизнесті дамытудағы және халықтың кең ауқымының бақуаттылығын көтерудегі пайдасына аудару керек.
Үшіншіден, әлемдік экономикалық және саяси ахуал күрделі болып қалып отыр. Әлемнің көптеген дамыған және дамушы экономикалары қиындықтарды сезінуде. Әлемдік нарықтардағы бағаның құлдырауы мен құбылмалылығы халықаралық сауданы әлсіретті. Елдер арасындағы инвестициялық ағындар көлемі төмендеді. Осының бәрі Қазақстандағы ахуалға теріс әсер етуде, өйткені, біз әлемдік экономиканың бір бөлігіміз. Осындай жағдайда Үкімет пен Ұлттық банктің Дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру жалғасады, ол жаңа шаралармен уақытылы толықтырылып отырады.
Бес институттық реформа, индустрия-ландырудың екінші бесжылдығы, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты аясында экономика өсімінің жаңа драйверлерін жүйелі түрде қалыптастыру қажет. Қазақстанның әлемдік шикізат өнімдері бағасының құбылуына тәуелділігін төмендету жұмыстарын жалғастыру маңызды. Сондықтан біз, ең алдымен, шикізаттық емес өнімдерді экспортқа шығаратын кәсіпорындарды мемлекеттік қолдауға басымдық береміз.
Жаңа геосаяси сын-қатерлерді ескерген жөн. Халықаралық қатынастар жүйесі жетекші державалардың арасындағы қарама-қайшылықтың өсуі салдарынан болжап болмайтын сипат алды. Бұл әлемдік қоғамдастықтың халықаралық терроризммен және экстремизммен күресін қиындатады.
Өткен жаздағы оқиғалар көрсеткендей, әлемде бірде-бір ел терроршылар шабуылы-ның алдында дәрменсіз екені байқалады.
Террорлық қауіп-қатер Қазақстан үшін де өмір шындығы болып табылады. Жаһандық соғыстың алдын алу және адамзаттың өз-өзін ядролық қарумен жойып жіберу қаупі бүгін қайтадан халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселеге айналды.
Тәуелсіздік ғасырының екінші ширегін біз қиын кезеңде бастағалы отырмыз. Алайда, бұл жағдай ғасыр ортасында жетеміз деп отырған Ұлы мақсатымыз – Қазақстанды Еуразияның ең дамыған елдері қатарына, яғни, әлемнің дамыған мемлекеттері клубына қоспақ ниетімізге кедергі жасамауы тиіс.
Бұл бүкіл мемлекеттің, оның ішінде биліктің заң шығарушы тармағының бұрынғыдан да тиімді жұмыс істеуін, қоғамның бірлігін, табысқа жету жолында тұтастай жұмылуды қажет етеді. Тұрақтылық және қазақстандықтардың өзара түсіністігі мен толеранттылығы жағдайында ғана біз алға қойған мақсаттарға жете аламыз!
Құрметті депутаттар!
Жаңа сессияда сіздер талқылап, қабылдауларыңыз керек 50-ге жуық заң жобасы бар. Жеті жаңа заңды депутаттардың өздері ұсынып, Үкімет қабылдады. Бұл бастамалар депутаттар корпусының жоғары кәсіби деңгейін дәлелдейді.
28 жоба бойынша талқылау өткен сессия-да басталды. 2016 жылдың заң жобалары жұмысының жоспарына сәйкес Үкімет Мәжілістің талқылауына 4 жоба ұсынды, тағы 7 жоба осы жылдың аяғына дейін ұсынылады. Бірқатар заң жобаларын Үкімет Мәжілістің қарауына кезектен тыс енгізеді. Жалпылай алғанда, депутаттық корпусты мынадай бағыттар бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр.
Бірінші. Ел қауіпсіздігінің заңнамалық негізін нығайту. Әлемнің өзге елдері сияқты Қазақстан да тікелей террорлық қауіп-қатерге кез болды. Ақтөбе мен Алматыдағы террорлық актілердің салдарынан ұлттық ұлан сарбаздары, полиция қызметкерлері және ешбір жазығы жоқ азаматтар қазаға ұшырады. Осындай жағдайда мемлекет ұлттық қауіпсіздікті нығайтуы тиіс. Менің тапсырмам бойынша экстремизм мен терроризмге қарсы күрес, қарсы барлау қызметі, дактилоскопиялық және геномдық тіркеу, пробация, ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша 7 заң жобасы жасалып, Мәжіліс қарауына енгізіледі.
Депутаттардың жобаларды мұқият қарап, осы жылдың аяғына дейін қабылдауын сұраймын.
Екінші. Ұлт жоспарын жүзеге асыруды заңнамалық қамтамасыз ету. Ең алдымен, институттық реформаларды тереңдету үшін бағалау, коллекторлық және жеке детективтік қызмет, Зардап шеккендердің шығынын өтеу қоры туралы заңнамалық актілерді қабылдау маңызды мәнге ие болмақ.
Назарбаев Университетінің халықаралық практикасы мен тәжірибесін ескере отырып, жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін заңнамалық тұрғыда кеңейту қажет.
Депутаттарға жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербес бюджетін енгізу бөлігінде заңнамаға қосымшалар қабылдау қажет болады.
Электр энергиясы мәселелері жөніндегі заңнамаға бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізу қарастырылған. Олар энергияны тарату шығындарын төмендетуді және тиісінше, тұтынушылар үшін оның құнын азайтуды қамтамасыз ету мақсатын көздейді.
Сол сияқты, стандарттау туралы заң-намалар пакетінің де маңызы зор.
Өздеріңізге белгілі, мен жер реформасы жөніндегі комиссияның Жер кодексінің жекелеген нормаларына қатысты мораторийдің күшінде тұру мерзімін 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту туралы ұсынысын қолдадым. Жер реформасы жөніндегі комиссия қоғамды толғандырған проблемалы мәселелерді талқылай отырып, үлкен жұмыстар жүргізді. Үкімет енгізетін жекелеген заң жобасында көрініс табуы тиіс бірқатар ұсыныстар қалыптастырылды. Атап айтқанда, ол ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру процедураларын жетілдіру, олардың ұтымды пайдаланылуына бақылауды күшейту мәселелеріне қатысты.
Жер заңнамасына түзетулер енгізу туралы шешім қабылдау кезінде Үкіметтің агроөнеркәсіп саласына қаржы тарту мақсатын басшылыққа алғанын еске сала кеткім келеді. Ауыл шаруашылығын көтеру оған ілесе көптеген салалардың дамуына жағдай туғызбақ. Салаға ықпал жасау үшін мемлекеттің қаншалықты күш-жігер жұмсағанын барлық аграршылар біледі. Әр жыл сайын аграрлық секторға айтарлықтай қаржы салынады, бірақ олар барлық уақытта бірдей өзін-өзі ақтап, кері қайта бермейді. Қазіргі заманғы экономикада олай болуға тиіс емес. Себеп ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің төмендігінде жатыр, оны көтеру үшін қосымша қаржылар салу қажет. Бүкіл әлемде аграрлық секторға инвестициялар тарту үшін жұмыс істейді.
Біздің мемлекетіміз де ауыл шаруашылы-ғының деңгейі мен сапасын көтеру үшін көбірек капитал салымдарын тартқысы келді. Егер бұл жұмыс түсіндіруден басталып, одан кейін ғана заң қабылданғанда, онда ахуал басқаша болар еді. Бұл аспектілерді заң шығарушылар аграрлық саланы реттейтін заң жобаларымен жұмыс істеген кезде ескеруі тиіс.
Үшінші. Парламентке үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын қарап, қабылдауға тура келеді. Онда мен айтып өткен жаһандық тенденциялар мен сын-қатерлерді ескере отырып, 2017-2019 жылдарға арналған бюджет саясатының қағидаттары мен оған қатысты көзқарастар анықталатын болады.
Мемлекет кепілдендірген әлеуметтік пакеттің шығыстары көлемін сақтауды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету қажет. Әңгіме бірінші кезекте зейнетақылар, жәрдемақылар, стипендиялар және өзге де әлеуметтік төлемақылар туралы болып отыр.
Бюджет саясатын қандай да болмасын жағдайда қазақстандықтардың өмір деңгейлерін төмендетуге жол берілмейтіндей етіп қалыптастыру қажет.
Ұлттық қордан берілетін кепілді трансферттер туралы, сондай-ақ, республикалық және өңірлік бюджеттер арасындағы трансферттердің көлемі туралы заңдар үш жылдық бюджетпен бір пакетте өтеді. Парламент пен Үкімет бюджет қаржыларын игеру мәселесіне қатаңырақ бақылау жасауы тиіс. Оның үстіне бюджет шығыстарын игермеу проблемасы салалық та, өңірлік те деңгейлерде орын алуын жалғастыруда. Бөлінген қаржылар экономиканы дамытуға, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және халықтың әл-ауқатын арттыруға жұмыс істеуі тиіс.
Төртінші. Депутаттық корпустың Қазақстан бекіткен бірқатар халықаралық келісімдерді ратификациялау мәселелерін қарауына тура келеді.
Бесінші. Парламент – ол халық өкілдігінің басты органы. Сондықтан, Парламент палаталарының қызметі қоғам үшін барынша мөлдір болуы тиіс. Заңдарға деген қажеттілік пен оларды қабылдаудың бүкіл қисыны қазақстандықтарға түсінікті болуының маңызы зор. Күзден бастап Сенат пен Мәжіліс жұмыстарын, сондай-ақ, Парламент палаталарының бірлескен отырыстарын онлайн режімінде тікелей тарату оған жағдай жасайтын болады.
Оның сыртында заң шығарушылық үдерісінің шеңберлерін кеңейте түсу қажет. Жобаларды дайындау сатысында оған қоғамдық сарапшыларды, парламенттік емес партиялардың, ҮЕҰ және БАҚ өкілдерін тарту қажет. ЭЫДҰ елдерінің халықты алдын ала құлақтандыру және қажетті құқықтық жаңа бастамаларды қоғамдық талқылау жөніндегі тәжірибесін белсенді пайдаланған жөн.
Заң шығару үдерісіне қатысатын мемлекеттік органдардың барлық басшылары, сондай-ақ, партиялық фракциялар қоғамды жоспарланып отырған заңнамалық бастамалар туралы тұрақты түрде ақпараттандырып отыруы керек. Бұл орайда парламенттік фракцияның бастамашылық рөлі және «Нұр Отан» партиясының барлық құрылымдары мен филиалдарының ырғақты іс-қимылы айрықша маңызды.
Заңдарды қабылдау үдерісіне деген мұндай көзқарас қазақстандықтардың құқықтық мәдениетін арттыратын болады.
Құрметті депутаттар!
Құрметті меймандар!
Сіздерді Парламенттің кезекті сессия-сының басталуымен тағы да құттықтаймын.
Сіздерге мықты денсаулық және жемісті жұмыс тілеймін!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар