Күзгі аңшылық маусымы ашылды

Аңшылық Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен бекітілген ел аумағында аң аулау қағидасына сәйкес жүргізіледі. Ақмола облысы аумағында тұяқтылардың 4 түрі: бұлан, бұғы, қабан, елік, сондай-ақ, суыр, түлкі, қарсақ, борсық, сілеусін, қоян, қаз, үйрек, қасқалдақ, балшықшы, құр, саңырау құр, шіл, бөдене және көгершін аулауға болады. Биыл күзгі-қысқы аңшылық маусымы республика аумағында 2016 жылдың 3 қыркүйегінен басталып,  аңдардың түрлеріне қарай 2017 жылдың 15 ақпанына дейін жалғасады. Республикада аңшылық бекітілген алқаптарда өтеді, егер басқасы уәкілетті органмен белгіленбесе.
Қазіргі уақытта Ақмола облысында 127 аңшылық шаруашылық жұмыс істейді. Науқанға 570-тен астам қорықшы мен 750-ге жуық техника тартылған. Әуесқойлық (спорттық) аң аулауға аңшының жеке куәлігі, жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаты және аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасы болғанда рұқсат етіледі. Аң аулау уақытында оқ ататын қаруды пайдалану үшін ҚР Ішкі істер органынан қаруды ұстауға және сақтауға рұқсаты болуы тиіс. Аңшы жыртқыш құстарды аулау барысында белгіленген тәртіпте берілген оларды тіркеу туралы құжаттары болуы қажет.
Тұяқты жануарларды аулау қорықшы немесе
жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану бойынша мемлекеттік инспектордың қатысуымен жүргізіледі, олар өз алдына жануар-
ды атқаннан кейін ауланғаны туралы белгі қояды.
«Жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану туралы» ҚР заңының талаптары мен аң аулау қағидасы сақталмағанда Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес жазалау қарастырылған.
2016 жылдың бірінші жартыжылдығына  
жануарлар дүниесін сақтау саласында заңнаманы сақтамаудың 51 оқиғасы тіркелді. Оның ішінде 11 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айна ӘУБӘКІРОВА,
Ақмола облыстық орман
шаруашылығы және
жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар