Қоғамдық кеңестің қадамы

Аудандық  мәслихаттың сессиясында бекітілген қоғамдық кеңестің құрамына 13 адам енген еді. Аталған кеңес қоғамдық  маңызы бар мәселелерді талқылайды. Сондай-ақ, мемлекеттік органдарға заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындап, оларды өміршең ету жұмыстарын жүргізеді.

Аудандық қоғамдық кеңестің құрамына коммерциялық емес ұйымдар, мемлекеттік құрылым өкілдері және аудан азаматтары кірген. Кеңес өз жұмысын бір жылға жоспарлап қояды. Ал,  жоспар кеңестің ұйымдастыру отырысында бекітіледі. Сондай-ақ, ұйымдастыру сипатындағы  мәселелер бойынша арнайы төралқа отырыстары өткізіледі. Әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен әлеуметтік сала және денсаулық сақтау, білім, мәдениет мәселелері бойынша қоғамдық кеңесте  2  төрелік құрылған.   
Бүгінгі таңда кеңесте бірқатар жұмыстар атқарылды. Мұнда 10 отырыс өткізіліп, аймақтағы экономиканы дамыту және бюджетті орындау мәселесі, аудан әкімі Асқар Мұратұлының есебі, 2016-2020 жылдарға арналған өңірді дамыту бағдарламасына өзгерістер енгізу талқыланды. Халыққа  Жер кодексіне енгізілген  түзетулер  түсіндірілді. Алдағы уақытта аудандық кеңестің жұмыс жоспары негізінде  әлеуметтік мәселелер бойынша жүргізілетін  іс-шаралар мен жергілікті полиция қызметі  басшысының есебі тыңдалады. Сонымен қатар, өкілетті және атқарушы органдардың қарауына ұсынылатын нормативтік- құқықтық жобалар қаралатын болады.

Эльмира ХАЛЕЛОВА,   
қоғамдық кеңестің төрайымы, аудандық мәслихаттың депутаты.

Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар