Өртті сөндіргеннен алдын алған жеңіл

Облыстық ішкі саясат басқармасының өңірлік коммуникациялар қызметінде күзгі орақ науқаны кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау мәселелеріне арналған брифинг болып өтті.

Аталмыш шараға төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары, подполковник Қанат Доспаев қатысып, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жан-жақты жауап берді. Бірінші болып сөз сөйлеген Қанат Доспаев өрттің алдын алу жөніндегі ақпаратты қалың жұртшылыққа уақытында жеткізіп жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне алғыс лебізін білдірді.
Брифинг барысында баяндама жасаған облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау бөлімі басшысының міндетін атқарушы, майор Марлен Бабаев өткен жылдары егістік алқаптарында орын алған өрт оқиғаларына сараптама жасай келіп, егін орағы кезінде өрттің алдын алу үшін қандай шаралар қабылданып жатқандығына тоқталып өтті. Осы кезең ішінде бұқаралық ақпарат құралдары белсенді қимылдап, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен өртке қарсы нұсқаулықтар өткізілген. Орақ науқаны кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау бойынша жадынамалар таратылып, күзгі дала жұмыстарына тартылатын техникалар толық тексерістен өткізілген. Одан басқа, департамент қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен және атқару органдарымен бірлесе отырып, еңбеккерлерге өрт қауіпсіздігінің нормалары мен ережелерін түсіндіру мақсатында егістіктердегі қосындарға рейдтер жүргізіп, өрт сөндіру құралдарының жағдайын тексерді. Азаматтық қорғаныс күштері, жергілікті полиция қызметі мен атқару органдарының, орман мекемелерінің өкілдерінен 19 ұтқыр топ құрылып, аталмыш кезеңде 134 рейд жүргізілді. Өткізілген шаралардың нәтижесінде 16 өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылық анықталып, кінәлі тұлғаларға жалпы сомасы 178164 теңге айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, шаруа қожалықтары және тұрғындармен өрт қауіпсіздігі мәселесі бойынша дөңгелек үстелдер, алқалы жиындар өткізілді.
Шара соңында мамандар журналистердің қойған сауалдарына толыққанды жауаптар берді.

Жанат КӨШЕЙ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар