Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тұлғаларымыздың аты-жөндері неге бұрмаланады?!. - АРҚА АЖАРЫ

Тұлғаларымыздың аты-жөндері неге бұрмаланады?!.

Облыс орталығында жаңадан салынып жатқан «Бейбітшілік» шағын ауданында кешкілік дүкеннен қайтып келе жатқан едім, бір такси жүргізушісі тоқтап жол сұрады.

 

–Қызым, маған Шолахов көшесін көрсетіп жіберші, –деді ол.
–Ағай, мұнда Шолохов көшесі жоқ, сіз қателесіп тұрған шығарсыз, – дедім мен. Орыстың ұлы жазушысының атында мұнда көше жоқ қой деп ойлап қоямын ішімнен. Әлгі кісі сонда да болмай:
–Қызым, жиырмасыншы мектептің арғы бетінде орналасқан шағын ауданның басты көшелерінің бірі деп еді диспетчер маған, – деді. Әлгі ағамыз болмай сұрап тұрған соң, кішкентай қызыммен келе жатқан жолдасымды шақырып, «Шолохов көшесі осы ауданда бар ма еді?» – деп сұрадым. Жолдасым күліп: «Ондай көше жоқ мұнда. Сіз қателесіп тұрған шығарсыз. Мүмкін Балуан Шолақ көшесі керек шығар сізге»,  –деді. Жасы егде тартқан әлгі ағамыздың таудай тарихи тұлғаны, қазақтың атақты палуанын қалайша орыстың Шолоховымен шатастыруы мүмкін деп ойладым. Сөйтсек, ол шынымен де Балуан Шолақ атындағы көшемен шатастырып тұр екен.  
Бір күні тағы сол Балуан Шолақ көшесінің бойымен жүріп келе жатыр едік, бір үйдің ауласындағы маңдайшада «Б-Шолақ көшесі» деген жазуды көрдім.
Тарихи тұлғаларымыздың есімдерін бұлай жазып қойғанымыз қалай? Балуан
Шолақ көшесі деп толық жазылғаны
дұрыс қой. М.Горький көшесі мен Шоқан Уәлиханов көшесінің қилысар тұсында да үлкен жол көрсеткішіне «Уәлихан көшесі» деп жазып қойыпты. Уәлихан Шоқанның атасы емес пе?! Құзырлы органдар мұндай бұрмалаушылықтарды  қалпына келтіргендері жөн-ақ.  

Ырысалды ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар