Жеңімпаздар анықталады

2016 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері бұқаралық ақпарат құралдарына «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауын өткізу мәселелері бойынша, сондай-ақ, Ұлттық комиссияның бастамасымен өтіп жатқан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу құрметіне арналған «25 пайдалы іс» республикалық акциясының іске асырылу барысы туралы брифинг өткізді.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы рухани-адамгершілік құндылықтарды, үлкендерге құрмет пен сүйіспеншілікке негізделген отбасылық салт-дәстүрлерді сақтауға және ұрпақтан ұрпаққа жалғастыруға бағытталған.
Ұлттық комиссия төрайымының орынбасары Л.Сүлейменнің айтуынша биыл жалпы респуб-лика бойынша байқауға 2579 отбасы қатысты (2015 жылы – 2285 болған). Қатысушылардың белсенділігі Ақтөбе (417 отбасы), Қызылорда (297 отбасы) және Оңтүстік Қазақстан (294 отбасы) облыстарында жоғары болды. Бұл ретте, барлық қатысушылардың 40 пайыздан астамы көпбалалы отбасылар болғанын атап өту қажет. Сонымен қатар, 2015 жылмен салыстырғанда еңбек әулеттерінің саны 32 пайызға өсті (2015 жылы – 367, 2016 жылы – 483) және іріктеу кезеңдеріне қатысқан жас отбасылардың саны 35 пайызға ұлғайды (2015 жылы – 350, 2016 жылы – 472).
Байқауға 19 этностың, сондай-ақ, 53 интернационалдық отбасының өкілдері қатысты. Сондай-ақ,  байқауда жоғары спорттық, шығармашылық, зияткерлік және ғылыми жетістіктерге қол жеткізген отбасылар да бақтарын сынады. Еліміздің барлық облыстарынан, Астана және Алматы қалаларынан  16 үміткер-отбасы Ұлттық байқаудың  ақтық кезеңіне өтті.
«Мерейлі отбасы» байқауының ақтық кезеңінде жеңімпаздарды анықтауға республиканың барлық азаматтары дауыс беру жолымен тікелей атсалыса алады. Дауыс беру 2016 жылдың 2-9 қыркүйек аралығында мынадай үш тәсілмен өткізілетін болады: kaztube.kz порталында онлайн-дауыс беру, 8-803-8000 (01,02,03) нөмірі бойынша телефон арқылы (соңғы екі сан отбасының нөміріне байланыс-ты) және 6284 қысқа нөміріне отбасының нөмірін көрсете отырып, SMS-хабарлама жолдау арқылы жүзеге асырылады.
Дауыс берудің қорытындылары 2016 жылғы 10 қыркүйекте сағат 11.00-де Астанадағы «Қазақстан» ОКЗ өтетін «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде жарияланатын болады. Жеңімпазға «Мерейлі отбасы» лауреаты деген атақ беріледі.
Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, «Экомед» адам ұрпағын өрбіту емханасының жетекшісі Салтанат Байқошқарова брифингке қатысушыларды «25 пайдалы іс» республикалық акциясының іске асырылу барысынан хабардар етті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар