Аудан аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» атты жемқорлыққа қарсы акциясы жоғары деңгейде өткізіліп, барлық ауылдық аймақтарда жергілікті әкімдер мен тұрғындардың қатысуымен дөңгелек үстелдер, тазалық жұмыстары, әртүрлі спорттық, мәдени-бұқаралық шаралар, осы тақырыпқа арналған кітап көрмелері мен семинарлар ұйымдастырылды.
Аршалы ауданынан қабылданған эстафетаны біздің ауданымыздың өкілдері көршілес Қорғалжын ауданына табыс етті. Осы игі шара барысында Ақмол ауылындағы стадионда мәдениет қызметкерлері мен республикалық «Адал жол – Честный путь» акциясының қолдаушыларының қатысуымен концерт ұйымдастырылды.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Мемлекет пен қоғам бірлесіп жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес жүргізуі тиіс. Жемқорлық – бұл тек құқық бұзушылық емес, ол мемлекеттің беріктігіне, ұлт қауіпсіздігіне қатер төндіретін құбылыс» деген еді. Шара концерттік бағдарламамен шектелмей, аудан орталығындағы балабақша тәрбиеленушілерінің веложарысына ұласты.
Жанат ТҮГЕЛБАЕВ.
Целиноград ауданы.