ЖҰМЫС ӨНІМДІ

Оразақ ауылындағы шағын шаруашылықтар бүгінде жемшөп әзірлеу ісіне мұқият көңіл бөлуде.

Жұмабай Саханов басқаратын «БаАС» шаруа қожалығының пішеншілер бригадасы шөп шабу ісін ширата жүргізуде. Шалғыншылар Асылхан Әлімжанов, Азамат Есілбаев пен Еркін Ыбыраев ауа райының қолайсыздығына қарамастан көпжылдық шабындық алқабында еңбек көрігін қыздырып жүр. Шаруа қожалығының иелігінде 200 гектар шөп алқабы бар, соның 150 гектары бүгінде шабылып, көпенеге түсті.
Ұжым жетекшісі Ж.Сахановтың айтуынша, қыстауға 80 тоннадай көк балауса дайындау қажет. Қосалқы шаруашылықта қазіргі кезде 300 бас ұсақ мал, ірі қара мен жылқы бағылуда. Шаруа қожалығы ауыл адамдарына да көмек көрсетуге тырысады. Бүгінде мал азығының бағасы аспандап, оған деген сұраныс та арта түскендігі белгілі. Сондықтан да, пішеншілер жаз мезгілінің әр күнін, әрбір қолайлы сәттерін тиімді пайдаланып, мүмкін болғанша мая санын арттыруға күш салып, берік жемшөп қорын жасау үшін жұмыла еңбектенуде.
Жанат ЖЕТІМОМЫН.

Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар