«АйБат» алған асулар

«АйБат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі табиғи және экологиялық таза өнім шығаруға жете көңіл бөліп келеді.

Содан болар, «АйБаттың» өнімдеріне деген сұраныс та жоғары. Нарық талабы бойынша сұраныс жоғары болса, өндіріс те дамымақ. Соңғы жылдардағы әлемді қамтыған экономикалық дағдарысқа қарамастан, серіктестіктің өнім көлемін азайтпай, керісінше өндірісті кеңейтуі осыны айғақтайды.
«АйБаттың» өнімдері облысымыздың және Астананың тұрғындарына жақсы танымал. Тәулігіне 20  тоннадай сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорын өз өнімдерін облысымыз бен Елорда нарығына ғана шығарумен шектелмей, іргелес Ресейге де шығаруда. 2015 жылы серіктестік өнімдері «Ұлттық сараптау және сертификациялау орталығы» АҚ-ның сертификациясын алған еді. Осыған орай, Кеден одағы техникалық регламентінің талаптарына сай деген декларацияға ие болды. Осылайша «АйБаттың» өнімдері Еуроазиялық одақ елдері нарығына еш кедергісіз шығарылуда.
Бәсекелестікке қабілетті өнім шығару үшін ең алдымен, оның табиғилығына, экологиялық тазалығына назар аударылуы қажет. Осы орайда, «ТNК агрофирмасы» холдингіне кіретін шаруашылықтар мал азығының химиялық қоспасыз болуына жете назар аударады. Міне, сондай органикалық азықпен азықтанатын мал сүтін пайдаланатын «АйБаттың» өнімдерінің сапасы да жоғары.
Өткен жылы серіктестік 38,4 тонна голланд ірімшігін өндірді. Ірімшік өндірісін ұлғайту мақсатында сыйымдылығы 40 тонналық тоңазытқышпен жарақталған қойма салынды. 2015 жылы 478411 литр сүт өнімдері шығарылса, соның ішінде 4872 литр пакет қораптағы сүт, 6986 литр кефир мен 6712  литр айран бар. Оған қоса, сары май, қаймақ, қойытылған сүт шығару да жолға қойылған.
2015 жылы «АйБат» серіктестігі ет өнімдерін шығаратын жаңа зауытты іске қосты. Шетелдік құрылғылармен жарақталған зауытта шұжықтың көптеген түрлері мен жартылай фабрикат өнімдер шығарылады. Зауытқа қажетті шикізатқа серіктестіктің өз фермасында бағылатын элита тұқымды мал пайдаланылуда. Мұнда да өнімнің табиғи тазалығына және сапасына жете көңіл бөлінеді. Қазіргі күні жаңа зауыт өнімдері облысымыздың аумағы мен Елорда дүкендеріне шығарылуда. Оны іске қосу үшін 150 миллион теңге көлемінде өз қаржысын жұмсаған серіктестік жаңадан 10 жұмыс орнын ашты.
«Жақсы» маркасымен шығарылатын серіктестік өнімдері  ISO-9000-2001 халықаралық сапа стандарты сертификатын алған. 2010 жылы «АйБат» серіктестігі шығарған ірімшік өнімі облыстық «Қазақстанның үздік тауары» конкурсының бас жүлдесін жеңіп алды.
Бүгінде жүзден астам адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған серіктестік аймағымызды сапалы сүт және ет өнімдерімен қамтамасыз етуге айтулы үлесін қосып келеді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар