Алтын өндіру арта түсуде

Металлургия облыс өнеркәсібі жалпы көлемінің 17,4 пайызын құрайды. Бұл салада «Қазақалтын ТМК» акционерлік қоғамы мен «Степногорск ТХК», «Алтынтау-Көкшетау», «RG GOLD» және «Целингормаш» серіктестіктері негізгі өндірушілер болып табылады.

Бірнеше түрлі алтын, болат, шойын және түрлі-түсті металдар қорытылады. Биылғы жылдың 6 айын өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырсақ, өндірістің өсуі алтын өндірісінде 56,2 пайызға артық болды. Облыстың металлургиялық өнеркәсібінде биылғы жартыжылдықта 31 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 141,6 пайыз артық. Аталмыш салада өндірілген өнімнің 30 пайызы экспортқа шығарылады. Есептік кезеңде металлургия өнеркәсібінің негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 375,5 миллион теңгені құрады. Бұл өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 2,6 есе артық.
Облыстық статистика департаментінің
баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар