Арпаны жинап алды

Валерий Кармелюк басқаратын «Торғай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі күзгі егін орағына қызу кірісіп кетті.

Шаруашылық диқандары жалпы, көлемі 300 гектардағы арпаны толығымен жинап алды. Серіктестік басшысының айтуына қарағанда,  биылғы жылы егіннің шығымы орташа. Әр гектардан орташа есеппен 9 центнерден өнім алынды. Дала кемесінің құлағына отырған тәжірибелі механизаторлар Юрий Гончар, Жаңбырбай Ыдырысов, Иван Волков, Денис Комар, Юрий Васецкий жұмыста белсенділік танытуда.
Сонымен қатар, К-700 және КамАЗ жүк көлігімен астықты қырманға тасымалдаумен айналысатын Олег Захарчук пен Константин Тыликтің де еңбектерін айта кеткен жөн.  Қазіргі кезде, торғайлықтар бидайға орақ салып, астық бастыруға кірісті. Алдағы күндері ауа райы жайлы болса, белгіленген мерзім ішінде бұл жүұмысты  да еңсеретініне сенім мол.  

Нұрлыбек МҰРАТБЕКҰЛЫ.
Ерейментау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар