Инвестиция көлемін арттырған жөн

Облыста бірінші  жартыжылдықта негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі  75767,6 миллион теңгені құрады. Бұл – өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 6,8 пайызға артық.

Республикамызда тартылған инвестиция көлемі бойынша  Ақмола облысының үлесі 2,5 пайыз. Негізгі капиталға салынған инвестицияның біршама бөлігін кәсіпорындардың өз қаржысы құрайды. Есепті кезеңде инвестицияның жалпы көлеміндегі бюджеттік қаржының үлесі 27 пайыз, банктердің несиелері 15,7 пайызды және өзге де қарызға алынған қаржы
9,2 пайызды құрады. Ғимараттар мен нысандардың құрылысы мен күрделі жөндеу жұмыстарының технологиялық құрылымы бойынша негізгі капиталдағы инвестицияның жалпы көлемі 63,1 пайыз. Оның 34 пайызына машиналар, қондырғылар мен аспаптар сатып алынды. 2,9 пайызы өзге де шығындарға жұмсалды. Негізгі капиталдағы инвестицияның 26,4 пайызы өнеркәсіпке, 23,3 пайызы жылжымайтын мүлік операцияларына, 20,7 пайызы транспортқа бағытталды.
   Биылғы жартыжылдықта облыс бойынша негізгі капиталдағы ішкі инвестиция 70601,1 миллион теңгені, сыртқы инвестиция 5166,5 миллион теңгені құрады. Өткен жылдың жартыжылдығымен салыстырғанда, негізгі капиталдағы инвестицияның артуы Көкшетау мен Степногорск қалаларында және өңірдің он төрт ауданында байқалды. Біршама өсім Ақкөл (2,6 есе), Есіл (2 есе) және Қорғалжын (1,8 есе) аудандарында тіркелді.
Ақмола облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар