Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Белсене қалам тарту қажет - АРҚА АЖАРЫ

Белсене қалам тарту қажет

Облыстық дін істері жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен жергілікті журналистер арасында бұқаралық ақпарат құралдарында діни тақырыптағы материалдарды жазып, жария-лау жөнінде  семинар өткізілді.

Дін істері жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Болат Қасеновтың айтуынша, жыл өткен сайын дін атын жамылған экстремистік пиғылдағы топтардың  теріс насихаты күшейіп барады, осыған орай, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы адамдарды залалды ағымдардың ықпалынан сақтандыру мәселесіне құзырлы органдар жете көңіл бөлуде. Дін істері жөніндегі комитет пен оның аймақтардағы БАҚ өкілдері  арқылы жат ағымдарға қарсы насихат жұмыстарына әрдайым жеткілікті дәрежеде назар аударып отырады.  Жергілікті журналистермен өткізіліп отырған бұл семинар да осы бағыттағы жұмыстың бір көрінісі десе болады.
Облыстық дін істері жөніндегі басқарманың бас маманы Еркін Көшкенов жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында дін саласындағы материалдарды берудің негізгі бағыттары жайында әңгімеледі. Ол өз сөзінде діни экстремизм мен лаңкестікке қатысты материалдарды берудің бағыттары мен журналистердің жауапкершілігі жайында айтып өтті. Дін өте нәзік және күрделі тақырып болғандықтан, әр нәрсеге жете мән беріп, сол саланың білікті мамандарының кеңестерін ескерген жөн.
Облыстық дін істері жөніндегі басқарма жанындағы  «Конфессияаралық қатынастарды дамыту және талдау орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ақпараттық түсіндіру бөлімінің басшысы Данияр Тоқсанбаев  діни экстремизм мен лаңкестік тақырыбына қалам тартатын бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне арналған ұсыныс түріндегі кеңестерін ортаға салды. Бұл арада материалдардың бәрі заң шеңберінен және мемлекеттік саясат аясынан шықпауы қажеттігі ескеріледі.
Семинарға қатысқан журналистер де өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын  ортаға салып, бүгінде елімізде белең алып бара жатқан қатерлі теріс ағымдарға қарсы ақпараттық күресте бірлесе жұмыс істеуге назар аударды. Осы орайда, басқарма мамандары тарапынан жергілікті басылымдарға өз аттарынан діни экстремизм тақырыбындағы материалдардың көбірек жазылуына көңіл бөліну қажеттігі атап өтілді. Дін тақырыбын жетік білетін тео-лог мамандардың тапшылығынан жергілікті басылымдарда мұндай материалдар жазыла қоймайды. Басқарма басшылығы бұл мәселеге алдағы уақытта жете көңіл бөлінетіндігін, екі жақты тиімді қатынасты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Қалкөз КЕЛДІҒҰЛҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар