ХХІ ғасырдың індеті аталып жүрген лаңкестік біздің елімізде де көрініс беруде. Санасы теріс түсінікпен уланған адам айналасындағыларға да қауіп төндіреді.
Өйткені, ондайлар өздерінің теріс көзқарастарын басқаларға таңуға әрдайым дайын тұрады. Таяуда 166\25 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушылармен тарих ғылымдарының докторы, елімізге есімі белгілі ғалым археолог Виктор Зайберттің кездесуі өтті.
Түзеу мекемесі басшылығының мұндай кездесуді өткізудегі мақсаты – экстремизм дертімен саналары уланған жазасын өтеушілерді тарихи нақты дәлелдер арқылы айғақталған шынайы ақпараттар негізінде ой-пікірлерін өзгертуге талпыну болған еді. Шындығында, кездесу күткендегідей жақсы нәтиже берді.
Алғашында ғалым археологтың әңгімесін құлықсыздау тыңдаған жазасын өтеушілер қызықты, түрлі деректермен өрілген ақпараты мол әңгімеге бірте-бірте қызығушылық таныта бастады.
Әңгіме соңында ғалымға көптеген сауал-дар қойылды. Теріс діни көзқарастағы адамдарға нақты ғылыми айғақтармен негізделген ғалымның сөздерінің оң әсері болғандығы кездесу барысында анық аңғарылды. Алдағы уақытта да мұндай шараларды өткізу жалғасатын болады.
Айбек АҚТАНОВ,
Ақмола облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің жедел уәкілі.