Шығынды орнына салды

2012 жылы Көкшетау қаласында тұратын Б. деген азамат жалған құжаттарды пайдалану арқылы Кедендік одақ шекарасынан 240 миллион 938 мың теңгенің тауарларын алып өткен.

Кеден алымдары ұсталмағандықтан, осы әрекеті арқылы ол мемлекетке  97 миллион 312 мың теңге көлемінде залал келтірді.
Мемлекетке аса ірі көлемде зиян келтірген Б. осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалған кезде шетел асып, бой тасалаған. Дегенмен де, оның заң құрығынан құтылмақ болған бұл әрекеті сәтсіз аяқталды. Биылғы жылдың көктемінде  халықаралық іздеу жарияланған Б.-ны Ресей құқық қорғаушылары сол елдің аумағынан ұстап, қазақстандық құзырлы органның қолына тапсырды.
Оның үстінен ашылған қылмыстық іс таяуда сотқа жіберілді. Б. өз кінәсін толық мойындады. Ол мемлекетке келтірген залалды, яғни, 97 миллион 312 мың теңге көлеміндегі кеден алымдарын толық қайтарды. Осыны ескерген сот оған қылмыстық емес, әкімшілік жауапкершілік жүктеп, 4 миллион 854 мың теңге айыппұл төлеуге және өзіне тиесілі дүние-мүлкін тәркілеуге шешім шығарды. Осылайша салықтан жалтарып, мол пайдаға кенелмек болған кәсіпкердің  жөнсіз әрекеті үшін заң алдында жауап беруіне тура келді.

Облыстық мемлекеттік кіріс департаментінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар