Қадірлі ақмолалықтар! Баршамыз үшін аса қадірлі және қымбат мереке – Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Өзара түсіністік пен сүйіспеншілікке, жауапкершілік пен бір-біріне деген сенімге негізделген отбасы қоғамның тірегі, рухани-ізгі қасиеттердің сақтаушысы болып қала беретіні анық. Отбасылық берік байланыс арқылы біздің халқымыздың барлық рухани-ізгі құндылықтары – ымырашылдық, еңбексүйгіштік, туған жерге деген сүйіспеншілік, үлкендерді сыйлау және болашаққа құлшыныс сияқты қасиеттер ұрпақтан ұрпаққа беріліп, жалғасып келеді. Отбасы күні осы аталған қасиеттерді орнықтырып, жастарға ерлі-зайыптылардың арасындағы жауапкершілік пен балаларға және  үлкендерге қамқорлық жайындағы маңызды түсінікті беруге ықпалын тигізеді.  Отбасы институтын қолдау және нығайту, оның әлеуметтік қорғалуын жақсарту, ана мен бала денсаулығын сақтау, демографиялық жағдайдың жақсаруына мүмкіндік туғызу – осылардың бәрі мемлекеттік маңызы зор мәселе болып табылады.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, Отбасы күні қоғамымыздағы  ізгі қасиеттерді, рухани құндылықтарды орнықтыруға, ерлі-зайыптылардың жауапкершілігінің маңыздылығын түсіндіруге игі ықпалын тигізбек. Осы бір айтулы күні бала тәрбиелеп отырған барлық ақмолалық отбасыларға, оның ішінде көпбалалы, әсіресе бала асырап алған отбасыларына үлкен алғысымды білдіремін.
Биылғы жылдың басынан бергі өткен кезеңде облысымызда 3278 жас отбасы шаңырақ көтеріп, дүниеге 8394 сәби келген екен. Төрт жарым мыңдай көпбалалы отбасылары, 7659 көпбалалы ана бар. Олардың 2733-і «Алтын алқа» медалінің иегері болса,  3877-сі «Күміс алқа» төсбелгісін алғандар. Көпбалалы аналарды әлеуметтік жағынан қолдау мәселесі жан-жақты қарастырылған. Көпбалалы отбасылары мен бала асырап алушыларды алдағы уақытта да қолдауға ерекше назар аударылатын болады. Тату-тәтті тұрып, тірлік кешетін отбасы – қоғамымыздың басты тірегі мен қуаты. Осы бір тамаша мерекелеріңізбен құттықтап, бәріңізге денсаулық, өмірдің бар жақсылығын тілеймін.
Сергей КУЛАГИН,
Ақмола облысының әкімі.

 

 

Құрметті ақмолалықтар!
Шын жүректен Отбасы күнімен құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Әр адамның өміріндегі, ең бастысы, қарапайым әрі маңыздысы отбасы, үйі, жақын адамдары, балалары болып табылады. Әр кезде де отбасы мықты мемлекеттің негізі, түрлі ұрпақ арасында байланыстырушы звено сияқты халықтың рухани және мәдени дәстүрінің сақшысы, сүйіспеншіліктің бастауы болған және бола бермек.  Осы күні біздің қоғамның басты танымдық тіректерінің бірі – берік әрі мықты отбасын нығайтқаны үшін көпбалалы отбасыларға ерекше алғысымды білдіремін.   
Облысымызда отбасылар мықты болсын, болашақ ұрпақ – біздің балаларымыз, немерелеріміз бен шөберелеріміз онда махаббат пен қамқорлықта өсе берсін!  Сіздерге мықты денсаулық, әл-ауқат, қуаныш және бақыт тілеймін!  
Дулат НҰРМОЛДИН,
облыстық мәслихаттың хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар