Құрметті ақмолалықтар! Мұсылмандар үшін қасиетті мейрам саналатын – Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын!

 Қасиетті Құрбан айт мерекесі барша халықты бейбітшілікке, татулық пен бірлікке, қайырымдылық пен өзара түсіністікке шақырады. Әлемдегі барлық мұсылмандардың басты мейрамы болып саналатын Құрбан айт тәуелсіз Қазақстан елінде тұрып, өмір сүріп жатқан халықтардың бірлігі мен достығын, түрлі ұлттар мен ұлыстардың, дін өкілдерінің татулығын нығайтуға игі ықпалын тигізуде. Бүгінгі күні Құрбан айт шын мәнінде халықтық мерекеге айналып отыр және адамдарды ізгі істерге ынталандырып, қайырымдылыққа, кішіпейлділікке үндейді.
Біздің елімізде қазіргі таңда әртүрлі конфессиялардың өкілдері татулық пен бірлікте өмір сүруде. Елді мекендер мен қалаларда мұсылман мешіттері православие шіркеулерімен, костелдермен, храмдармен қатар тұрғанын көресің. Бұл – еліміздегі дінаралық түсіністік пен татулықтың нақты айғағы екендігі анық. Облыс орталығы Көкшетау қаласындағы жаңа сәулетті мешіттің ашылуы – тек мұсылмандар үшін ғана емес, барша облыс тұрғындары үшін де айтулы қуанышты оқиға болды. Жаңа мешіттің осы өңірден шыққан танымал тұлға, діни қайраткер Науан Хазіреттің есімімен аталуы  халқымыздың рухани дәстүр сабақтастығының айқын көрінісі десек болады. Ұлық мейрам Құрбан айт баршаңыздың жан дүниелеріңізді қайырымдылық пен қуанышқа, имандылыққа  толтырсын. Жүректеріңізге мейірім мен махаббат ұялап, өмір Сіздерге қуаныш пен бақыт, табыс сыйласын!
Сергей КУЛАГИН,
Ақмола облысының әкімі.

 

 

Қымбатты ақмолалықтар!
Сіздерді қасиетті – Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Құрбан айт сан ғасырлардан бері халқымыздың бірлігін нығайтып, ізгілік пен мейірім, сыйластық сияқты жоғары ұнамдық құндылықтарымызды дәріптеп келеді. Халқымыздың бай рухани мұрасының ажырамас бөлігі болып табылатын мейрам әлемдегі бейбітсүйгіш діндердің бірі – исламда қаланған шынайы жаңғыру мен рухани жаңару негіздерін өне бойына сіңіре білді. Тәуелсіздік алғаннан бері исламның шынайы құндылықтары бізге қайта оралып, халқымыздың рухани дамуында айтарлықтай рөл атқарды.
Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатының арқасында Қазақстан конфессияаралық және ұлтаралық келісімнің үлгісі ретінде барша әлемге танылды. Шыдамдылықтың берік ұстанымдарына деген айнымастық, барлық ұлыстар өкілдерінің сан ғасырлық салт-дәстүрлеріне құрметпен қараушылық алдағы уақытта да халықтардың бірігуіне, еліміздегі тұтастық пен тұрақтылықты нығайтуға ықпал ететін болады.
Құрбан айт бізге күш-жігер қосады, әр шаңыраққа, әр отбасына шаттық пен үміт сыйлай отырып, ізгі істерге жетелейді. Баршаңызға бейбітшілік, жақсылық пен игілік тілеймін!
Дулат НҰРМОЛДИН,
облыстық мәслихаттың хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар