Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шапағаты мол шаңырақ - АРҚА АЖАРЫ

Шапағаты мол шаңырақ

Көкшетау қаласының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы қалалық кітапханасында көпбалалы Әкімбаевтар отбасымен «Шапағаты мол шаңырақ» атты кездесу кеші ұйымдастырылды.

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Отбасы – Қазақстан қоғамының діңгегі, экономикадағы, мәдениеттегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі» деген еді. Бүгінде «Отбасы күні» осы ұлағатты мұраларымызды нығайтып, жұбайлық өмірдің жауапкершілігі мен балаларға, аға буынға ұдайы қамқор болудың маңыздылығын жастардың жадына сіңіре беруге зор үлесін қосып келеді.  
Тәрбиелік мәні зор іс-шараға Ақмола облысының «Мүгедектер қоғамының» және Бұланды ауданының Қазақ зағиптар қоғамы бастауыш ұйымының төрағасы Серік Әкімбаев пен оның балалары,  «Ақниет» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Қымбат Досмағанбетова, Ақмола облысының іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы  Дәмелі Қойшина, «Шаңырақ» қоғамының өкілдері, облыстық зағиптар қоғамының жанындағы оқу-өндірістік кәсіпорнының директоры Батырхан Ахметов және кітапхананың оқырмандары қатысты. Оларға қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі дайындаған отбасы тақырыбындағы бейнефильм ұсынылды. «Гармония» көркем-эстетикалық клубының мүшелері, кітапхананың тұрақты оқырмандары Светлана Оладько, Лидия Генза, Андрей Михель облыстық филармонияның музыканты Әлібек Ахмалишевтің  сүйемелдеуімен жиналған қауымға ән шашуын ұсынды.
Отбасының негізі, шаңырақтың киелілігі, үй болудың қыр-сыры, жанұядағы тәлім-тәрбиенің мән-маңызы туралы әңгіме өрбіген аталмыш кездесуде  отбасылық  дәстүрлер мен құндылықтар жайында да кеңінен сөз қозғалды.
Кеш соңында Әкімбаевтар отбасы «Мерейлі отбасы – 2016» республикалық байқауының қатысушылары екендігі айтылып, ұйымдастырушылар оларға сәттілік тіледі.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар