Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жыр аққуы –Марфуға - АРҚА АЖАРЫ

Жыр аққуы –Марфуға

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында ақын Марфуға Айтқожинаның 80 жасқа толуына орай «Жыр аққуы» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.

«Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Марфуға Айтқожинаның мерейтойына орай ұйымдастырылған кештің мақсаты – ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау, өскелең ұрпаққа ақынның өнегелі өмірін үлгі етіп, әдебиетке қызығушылығы бар жас таланттарды қанаттандыру.
Марфуға Айтқожинаның Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін эпикалық кең тыныспен жырлаған «Аңсау», «Аққу жүрек», «Алатаудың ақ батасы» сияқты, 60-жылдардан бері бүгінгі күнге дейін шыққан жиырма бес жыр жинағы топтастырылған «Өмір мен поэзия толқынында» атты кітап көрмесі жиналған қауымның көңілінен шықты. Алғашқы өлеңдер жинағы «Балқұрақ» деген атпен 1962 жылы жарияланыпты. Кейін әр жылдары «Шыңдағы жазу», «Жастық шақ», «Аққуым менің», «Қаракөз айым», «Баянжүрек», «Көзімнің қарасы», «Ақ бесігім», «Жарқыра, менің жұлдызым», «Қыран жеткен», «Таңдамалы», «Сағыныш сазы», орыс тіліндегі «Утверждение», «Голубые голуби», «Струна степей», «Летние росы» секілді өлеңдер жинақтары жарық көрген. Бірқатар шығармалары болгар, поляк, венгр, чех, парсы тілдеріне аударылған.
Ақынның көңіл-күй лирикасында адам жанын тебірентетін, ойын толқытатын ерекше бір күш бар. Әсіресе, туған жер тақырыбына жазған өлеңдері шынайылығымен тамсандырады. Міне, осылай өмірін өлеңге арнаған ақынның әдеби кешінде жиналған қауымға әдебиетші ғалым, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің оқытушысы, профессор Аманжол Ыдырысұлы, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағы, Ақмола облыстық филиалының директоры, ақын Төлеген Қажыбай кеңінен әңгімелеп берді. Сондай-ақ, әдебиетші, Ж.Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледжінің оқытушысы Қуаныш Қожабайұлы да ақын Марфуға туралы әдеби-танымдық баяндамасын жасады. Аталмыш оқу орнының оқытушысы, композитор Құрмет Сақай ақынның өлеңдеріне жазылған әндерден шашу шашып, кештің сәнін келтіре түсті. Бұдан әрі  Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті мен Ж.Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледжінің студенттері Меруерт Қойшыман және Ботагөз Әбсалық  ақынның шығармаларынан үзінділерді нақышына келтіре оқып берді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар