Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Инвестиция тарту маңызды - АРҚА АЖАРЫ

Инвестиция тарту маңызды

Мемлекет басшысының  «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты  Қазақстан халқына арнаған Жолдауы еліміздің дамуының жаңа кезеңдерін айқындайтын тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа дәуірі. Жолдау – халық пен мемлекеттің ең басты және өзекті проблемаларына жауап беретін, өзінің маңыздылығы жағынан айрықша құжат.

Мемлекет басшысы айқындаған жаңа меже – елі бақытты, жері гүлденген Ота-нымыз Қазақстанды Мәңгілік Ел ету, әлемдегі ең дамыған  мемлекеттердің  қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру. Жолдау экономикалық реформалардың негізінде дағдарыс ахуалында экономикалық өсімді қамтамасыз етуге бағытталған, экономикалық саладағы шұғыл әрі тиімді қадамдар бойынша нақты міндеттерді қамтиды.
Осы орайда, республика экономикасының дамуына облысымыз да лайықты үлесін қосып келеді. Өнеркәсіп орындары тұрақты жұмыс істеуде, ірі индустриялық жобалар іске асырылып, жаңа технология-лар енгізілуде, тұрғын үй, білім және денсаулық сақтау нысандарының құрылысы жүргізілуде.
Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, өткен жылы астықтың жоғары түсіміне қол жеткізілді. «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асырылуы құрылыс жұмыстары көлемін 106,1 пайызға ұлғайтуға мүмкіндік берді. 282 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, осының арқасында 2406 отбасы өздерінің тұрмыстық жағдайларын жақсарта алды. Облыс экономикасына 199,3 миллиард теңге инвестиция, соның ішінде сырттан 14,2 миллиард теңге инвестиция  тартылды. Нақты сектордағы көрсеткіштердің өсуі орташа айлық еңбекақының өсуіне және халықтың жұмыспен қамтылуының жақсартылуына жағдай туғызды. Облысымызда 2015-2020 жылдарға Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық дамуы бағдарламасының екінші бесжылдығын жүзеге асыру басталды.
Индустрияландыру картасы аясында 6 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, 166 миллиард теңгенің 60 жобасы жүзеге асырылды, олардың ішінде 43 жоба дайын өнеркәсіп өнімдерін шығаруға бағытталған, оның 26-сы жоғары құнды өндірілген өнім. Инновациялық жобалар есебінен инновациялық белсенділік деңгейі 2010 жылмен салыстырғанда 0,7 пайыздан 7,3 пайызға өсті. Инновациялық белсенді кәсіпорындардың саны 18 есе артып, 92 бірлікті құрады. Түсті металлургия, құрылыс индустриясы, химиялық, азық өнеркәсібі кәсіпорындарымен өндіріс өсімі қарқындарының артуы өнеркәсіптің жалпы көрінісінде көрінді. 2015 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 313,5 миллиард теңгені құрады. Нақты көлем индексі 106,9 пайыз. Бұл республика облыстарының рейтингінде 1-ші орын. Алтын өндіруші кәсіпорындармен 20,8 тонна алтын өндіріліп, өнім көлемі 80,1 пайызға өсті, «Алтынтау-Көкшетау» ЖШС, «Қазақалтын» ТМК» АҚ өндіріс көлемінің артуымен және «Райгородок» ЖШС өндірістік қуатының кеңеюімен байланысты. «Астана-Агропродукт» ЖШС, «КМЗ «Молоко Синегорья» ЖШС, «Milk Project» ЖШС кәсіпорындарының өндіріс көлемдері артуы есебінен ет өндіру 50,6 пайызға, өңделген сүт пен сары май  1,5 есе көбейді.
Өнеркәсіп өнімінің қосымша көлемдері «КЗ «Вектор» ЖШС кәсіпорындарын қамтамасыз етіп, комбайн өндірісінің көлемін 194 бірлікке дейін арттырды, бұл 2014 жылдың деңгейінен 2,3 есе артық. «Astana-Nan Chemicals» ЖШС химиялық препараттарды өндіру көлемінің өсімі 168,9 пайызды құрады. 2015 жылы Индус-трияландыру картасы кәсіпорындарының өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлем үлесі 32,4 пайызды құрады. 2015 жылы негізгі бағыттары тағам өнеркәсібі мен құрылыс материалдарының өндірісі болып табылатын 44,5 миллиард теңгенің 11 жобасы жүзеге асырылды. 976 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды.
Тағам өнеркәсібі саласында қалбырларды, шұжықтар мен еттің жартылай фабрикаттарын өндіретін және сататын Көкшетау қаласында жылдық қуаттылығы  5 мың тонна «МПЗ «Бижан» ЖШС, Еңбекшілдер ауданында қуаты 140 миллион дана жұмыртқа «ҚазГерҚұс» ЖШС мен Целиноград ауданында қуаты 20 мың тонна «Capital Project Ltd» ЖШС бройлерлі құс фабрикасы кәсіпорындары пайдалануға беріліп, 463 жұмыс орны ашылды, бұл аймағымызды жоғары өнімді және экологиялық таза өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Облысымызды құрылыс нарығының қолжетімді материалдарымен қамтамасыз ету үшін Целиноградта «Сапа Су» ЖШС темірбетон бұйымдарын, Ерейментауда кірпіш, Егіндікөл ауданында пескоблок, пеноблок пен газоблокты өндіретін жобалар жүзеге асырылды. Ерейментау ауданында республикамыздағы алғашқы ірі жоба, қуаттылығы 45 МВт  «Первая ветровая электрическая станция» ЖШС пайдалануға берілді, ол «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесіне қатысады. «ЕПК «Степногорск» АҚ салалық подшипниктердің 29 түрінің өндірісін игерді.
2015 жылы Жарқайың ауданында «Масальский ГОК» ЖШС қуаты 1 миллион тонна сұрыптық прокатты шығаратын болаттың жоғары маркаларының өндірісі бойынша перспективті инвестициялық жоба бастау алды. Жобаның жүзеге асырылуы келешекте 2731 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, астаналық облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында өңірде туристік кластерді құру маңызды рөл атқарады. Осы орайда, Щучинск-Бурабай курортты аймағын дамыту бағытында ойын-сауық кешендерін құру үшін отандық және шетелдік инвесторларды тарту қарастырылған.
Бурабайдағы «Rixos Borovoe» қонақ үй кешені аумағында демалушыларға жыл бойы қызмет көрсететін Қазақстандағы тұңғыш «Cable Park BURABAY» вейк-парк іске қосылды. Аталған нысан немістің Sesitec компаниясының қазіргі заманғы «System 2.0» арқан жолымен жабдықталған. Сонымен қатар, қонақтарға жабық теннис кортында пейнтбол, теннис, футбол, бас-кетбол және волейбол тәрізді кәсіби спорт түрлері бойынша қызмет көрсетіледі.
Оған қоса Бурабай курортында «Burabay Marine Club» яхт-клубы ашылды. Қазақстан және Ресей Федерациясынан келген 20-ға жуық яхташылардың қатысуымен тұңғыш желкенді регаты өтті. Демалушыларға қысы-жазы үзіліссіз қызмет көрсету үшін неміс және фин компанияларымен бірлесіп автономды жылыту қондырғысымен жабдықталған гриль үйлер, «Jalotakka» технологиялық биодәретханалар салу тәрізді бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.
Бұл өз кезегінде туристердің корпоративтік және жекелей демалуы үшін қолайлы болып отыр. Сондықтан, бұл үйлер Ақмола облысының өзге де демалу орындарында кеңінен пайдаланылуда.
Сауықтыру туризмін дамыту мақсатында Бурабай курортында шипажай базасының ауқымы кеңейе түсуде. Қазіргі кезде мұнда 20 шипажай қызмет көрсетеді. Онда ас қорыту органдары,  жүрек қан тамырлары жүйесі,  тірек-қимыл аппараты ауруларын емдеу жүзеге асырылады.
Аталған қызмет аясын кеңейту бағытында «Алмаз» шипажайы аумағында қазіргі заманғы медициналық құралдармен жабдықталған жаңа емдеу кешені іске қосылды. Сондай-ақ, «Терасса Парк» қонақ үй кешені базасында жүрек, буын және омыртқа сырқаттарын пантомен емдеу орталығы ретінде мамандандырылған емдеу кешені қалпына келтіріліп,  қызмет көрсете бастады.
Инвестициялық тиімді жағдайды қалыптастыру, туристерді көптеп тарту мақсатында Ақмола облысында жалпы сомасы 47,5 миллиард теңге болатын 85 іс-шараны қамтыған Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспары (екінші кезең) жүзеге асырылуда.  Сонымен қатар, Елбасының Ұлт жоспарында айтылғандай облыста ет өндіретін мал шаруашылығын дамыту арқылы болашақта ет және сүт өнімдерінің ірі көлемін экспорттау жоспарланып отыр. Бүгінгі күні ЕврАзЭҚ елдеріне «Молоко Синегорья» Көкшетау май зауыты, «Milk Prodject», «Астана Агроазық», «ҚазГерҚұс», «Agro Trading» серіктестіктері жаңа өнімдерін шығарып отыр.
Әсіресе, облыс үшін Сауд Арабиясы мен Қытай сияқты алпауыт елдерге экспорт жасау маңызды болмақ. Осы орайда, өндіріс көлемін ұлғайтудың резерві мал шаруашылығын дамытудың мақсатты несиелік бағдарламаларына белсенді қатысу болып табылады. Әртүрлі қуаттағы 18 тауарлы сүт фермасын құру және «Алтын асық», «Құлан», «Сыбаға» бағдарламалары бойынша ауыл шаруашылығы малын сатып алудың жоспарлы көрсеткіштерін орындау жөнінде міндеттер қойылды (50-ден 1000 басқа дейінгі сүтті сиыр бағытында).
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындарды толық қуатына көшіруді қамтамасыз ету. Сүт өнімдерін өңдейтін кәсіпорындардың қуатын 65 пайызға, ет өнімдерін өңдейтін кәсіпорындардың қуатын 70 пайызға, ұн өндірісінің қуатын 35 пайызға дейін ұлғайту көзделген.
Атап айтсақ, Индустрияландырудың екінші бесжылдығы шеңберінде құны 461 миллиард теңгені құрайтын 30 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Оған шетел капиталы да тартылатын болады.
Ағымдағы жылы құны 73 миллиард теңгені құрайтын қайта өңдеуші 14 нысан іске қосылады. Қуаты жылына 4,5 мың бірлік ауыл шаруашылығы және коммуналдық техника құрастыратын Қазақстан -Беларусь индустриалдық-технологиялық паркін іске қосу жоспарланған. «Вектор» комбайн зауыты ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыруды жылына 300 бірлікке жеткізуді жоспарлап отыр. Мұның бәрі астаналық облыстың  Ұлт жоспарында айтылған міндеттердің үдесінен шығуына көмектесетін болады.

Берік МҰСТАФИН,
облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп
басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар