Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа өрт сөндіру депосы ашылды - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

Кеше Көкшетау қаласының «Сарыарқа» шағын ауданында жаңа өрт сөндіру депосы салтанатты түрде ашылды. Ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин, Республиканың Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер, облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов қатысты. Салтанатты шара Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізіліп отыр.

Жаңа ғимараттың алдындағы алаңда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен №26 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы салтанатты сап түзеген. Департамент бастығы Алексей Советов ішкі істер министрінің орынбасарына жеке құрамның ашылу рәсіміне дайындығын баяндаған соң жаңа бөлімнің Жауынгерлік туы әкелініп, Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды.
Салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Юрий Ильин жаңа депоның ашылуы  өрт сөндіру бөлімшелерінің жеделдігі мен ұтқырлығын арттыруға және материалдық залал мен адам шығынын қысқартуға айтарлықтай мүмкіндіктер беретінін айтса, Нұрлан Нұркенов қала инфрақұрылымының дамуы мен тұрғындар санының артуына байланысты мемлекеттің басты басымдықтарының бірі азаматтардың қауіпсіздігі, сондай-ақ төтенше жағдайларды ескерту мен салдарларын жою болып табылатындығын атап өтті. Өрт сөндіру қызметінің ардагері Сапарғали Асылбеков те жаңа нысанның ашылуымен құттықтай келіп, төтенше жағдайлар қызметкерлеріне сәттілік тіледі.
Стратегиялық маңызды нысан заманауи жабдықтармен және халықаралық стандарттарға сай техникалармен жабдықталған. Депо қызметкерлері үшін ыңғайлы қызметтік және тұрмыстық үй-жайлар қарастырылып, жұмыс пен демалыс үшін оңтайлы жағдайлар жасалған. Ғимарат аумағында оқу-жаттығу мұнарасы, спорт алаңы бар. Өрт сөндіру депосында 140 жаңа жұмыс орны ашылған. Тәулігіне 25 адам жауынгерлік кезекшілікте тұрады. Бұл облысымыздағы төтенше жағдайлар туындаған кезде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін төртінші жаңа өрт сөндіру депосы.
Келген қонақтар салтанатты ашылу рәсімінен кейін жаңа ғимараттың ішін аралап көріп, қызмет орындарының жай-күйімен және техникалармен танысты.
Шара соңы мерекелік концертке ұласты.

Жанат КӨШЕЙ.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар