Көрші ел таңдауын жасады

Кеше облыс әкімі  Сергей Кулагин Ресей Федерациясы Мемлекеттік Дума депутаттарының сайлауы бойынша №8126 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Виктор Нефедов пен «Ақмола облысының орыс қауымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Александр Артеменконы қабылдады.

Кездесуде Виктор Леонидович өз кезегінде өңір басшысына қазақстандық биліктің сайлау науқаны және сайлау учаскелеріндегі жұмыстарды ұйымдастыруы барысында қауіпсіздікті сақтаудағы жан-жақты көмегі үшін алғысын айтты.
Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың 18 қыр-күйегінде Ресейде жетінші шақырылымдағы Мемлекеттік дума депутаттарының сайлауы өткен болатын. Сайлауда ресейліктер парламенттің төменгі палатасының құрамын жасақтады. Мемлекеттік дума сайлауына 14 саяси партия түсті. Қазақстанда тұратын Ресей азаматтары немесе осы жақта сапармен жүргендер үшін еліміз бойынша 18 облыста сайлау учаскелері жұмыс істеді. Соның бірі облыс аумағында орналасқан №8126 учаскелік сайлау комиссиясы да өз жұмысын ойдағыдай аяқтады.
Осы орайда, облыс әкімі көрші елде өткен сайлау-да жеңіске жеткен партия қызметіне сәттілік тілеп, қазақстандық биліктің екі елдің одан әрі ынтымақтаса жұмыс жасауына қашанда дайын екендігін жеткізді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар