Қабылдау бөлмесі ашылды

«Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Азаматтық бақылау»  қоғамдық қабылдау бөлмесінің  ашылуына орай, БАҚ өкілдері   үшін  брифинг өткізді.

Отырысқа Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Қуаныш Жапақов, «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының төрайымы Жанаргүл Жүнісова  және  облыстық мәслихаттың  депутаты Әлібек Баймағамбетов  қатысты.
Елімізде мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы функцияларды іске асыратын арнайы уәкілетті органдар құрылған. Олардың қатары ендігі кезекте Көкшетауда жаңадан ашылған «Азаматтық бақылау» қоғамдық қабылдау бөлмесімен  толықты.  Аталған брифинг барысында еліміздің 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын одан әрі жүзеге асыру мақсатында іске асырылған осы жобаның мақсаты мен маңызы сөз болды.  Ендігі арада әр адам қоғамдық қабылдауға өзін толғандырған мәселе бо-йынша келіп,  мамандардың арнайы кеңесін ала алады.
Қуаныш Жапақов өз сөзінде сыбайлас жемқорлық мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық қарыштап дамуын  тежейтінін, сондықтан да, бұл келеңсіз жайларды болдырмау үшін осындай қоғамдық қабылдау бөлмесінің ашылғандығына баса тоқталып өтті. Игі бастаманы іске асыру мақсатында  мемлекеттік бюджеттен   3 миллион теңге қаржы бөлінген.  Сондай-ақ, қоғамдық қабылдау бөлмелері өз жұмысының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тоқсандық, жылдық, есеп беріп тұрады. Ал,  Әлібек Баймағамбетов  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті  әр адам өзінен бастау керек екенін айта келе,  тарихта оны  жеңген  мемлекеттердің бар екенін тілге тиек етті. Отырыс соңында  қоғамдық қабылдауға келген бірқатар азаматтар мамандарға өз сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.  
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Берік  ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар