Еңбек өтілін сұрағанымыз дұрыс па?!.

Нарықпен бірге келген жұмыссыздық қоғамымыздың ажырамас бір бөлігіне айналып кеткендей.

Екі қолға бір күрек таппай жүргендер ауылда да, қалада да баршылық. Үкімет тарапынан қабылданған «Дипломмен – ауылға!», «Жастар тәжірибесі», «Серпін – 2050» сияқты бағдарламалар  жастар арасында кездесетін жұмыссыздық мәселесін толықтай шешуге қауқарлы болмай отыр. Оның бірқатар себептері бар. Ең алдымен, оқу бітірген еңбек өтілі жоқ жастардың жұмысқа орналасу мүмкіндігінің төмендігі кедергі келтіруде. Жұмыс берушілер әдетте алдымен еңбек өтіліне, қай жерде, қандай жұмыс атқарғанына назар аударып жатады. Осы орайда, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасының біршама көмегі тиетінін атап өткен артық болмас. Өз мамандығына сай қысқа мерзімде болса да тәжірибеден өткен жас маманның еңбекке орналасу мүмкіндігі арта түседі.
«Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы арқылы шалғай ауылдарға барғанымен,  қала өміріне үйренген жастардың уақыттарын көңілді өткізуге жағдай бола бермейді. Көпшілік-мәдени орындардың жоқтығы, баспана мәселесінің шешімін таппауынан олардың қалаға қайта кетіп жататын жайлары кездеседі. Бұл да ойланарлық жай. Яғни, жастардың ауылда қалып, жұмыс істеуіне тиісті жағдайлар жасалса, бұл мәселе оң шешімін табар еді деген ойдамыз. Сондай-ақ, жұмыс берушілер оқу бітірген жастарға еңбек өтіліне қарамай жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу жағын қарастырса, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейінің азаятыны анық.  
Гүлдана ҚАНАПИЯНОВА.
Ерейментау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар