Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тіл мәйегі мен дәйегіне арналды - АРҚА АЖАРЫ

Тіл мәйегі мен дәйегіне арналды

Облыс орталығындағы Мәлік Ғабдуллин мұражайында тілдер онкүндігі аясында   «Қазақ тілінің қайраткерлері» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды.

Аталмыш шараға өңірдің зиялы қауым өкілдері мен мектеп оқушылары қатысты. Онда мемлекеттік мекемелердегі мемлекеттік тілдің қолданылу аясы мен оның құрметтелуі туралы,  тұрмыстық тіл мен әдеби тілдің бүгінгі ахуалы  жайында  баяндалды.  Алғы сөзді  мұражай директоры Құдайберлі Мырзабек  ашып, тіл – ол қарым-қатынастың тілі ғана емес, сондай-ақ, ұлттың сақталып қалуының негізі екенін  алға тартты.  
Содан соң аталған мұражайдың ғылыми қызметкері Аягөз Махметова  Алаш қайраткерлерінің тілдің жайы туралы қандай мәселелер көтергенің  баяндаса облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Арман Бердалин облыс бойынша мемлекеттік тілдің дамуы, осы тұрғыдағы атқарылып жатқан жұмыстар  жайлы айтып берді. Ал, облыстық «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов әр ұлт өзінің ұлттық құндылықтарын сақтау керек екенін айта келе, қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық асық ойыны облыс көлемінде жанданып келе жатқанын тілге тиек етті. Біздің облыс республика көлемінде асық ойыны бойынша биылғы жылы үшінші жүлделі орынға ие болғандығын және бүгінде облыс бойынша қазақ балалары 57 пайызды құрайтынын жеткізді.

Назгүл РАБИЛОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар