Түрік бауырлар ықыласы

Келесі жылы жазда Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесінде әлемнің жүз елінің болашақтың энергиясы тұрғысындағы озық технологиялары паш етілмекші.

Көрмеге қатысуға тілек білдірген мемлекеттердің өкілдері қазірдің өзінде өз өнімдерін орналастыратын павильондарымен танысып, ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастырушылармен аталмыш ауқымды шараға байланысты басқа да мәселелерді пысықтауда.
Жуырда «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Түркия Республикасы Экономика министрінің орынбасары, көрмедегі Түркия Ұлттық секциясының комиссары Тарык Сонземмен кездесті.
Кездесу барысында Тарык Сонзем мырза көрмеде көрсетілетін тақырыптық концепция, басқа да техникалық мәселелер жайында айтып берді. Өздеріне тиісті павильонмен танысқан Тарык Сонзем шамалы уақыттан соң қажетті қондырғыларды орната бастайтындықтарын мәлімдеді.
Өз кезегінде Ахметжан Смағұлұлы түрік бауырларымыздың әлемге паш ете алатын озық технологияларының аз еместігіне, бұл елдің Астанадағы көрмеде де келушілерлерді тамсандыра алатындықтарына сенім білдірді. Сондай-ақ, әр мемлекетке тиесілі  павильондардың жақын арада дайын болатындығын, сондықтан көрмеге дайындықты қазірден бастауға мүмкіндік бар екендігін жеткізді. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар