Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Тілдарын» қарын аштырды - АРҚА АЖАРЫ

«Тілдарын» қарын аштырды

Облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Көкшетау қалалық қазақ кітапханасында «Тілдарын» облыстық олимпиадасы болып өтті.

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдардың іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылған олимпиадаға  16 мен 18 жас аралығындағы он үш үміткер қатысып, бақ сынады. Олимпиада облыс көлемінде осымен тоғызыншы рет өткізіліп отыр. Шараның басты мақсаты – үш тілді жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтап, оларға қолдау көрсету, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, көп тілді білетін тұлға тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайтып, халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу.
Алғашқы айналымда үміткерлер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде «Қазақстанның тәуелсіздігіне – 25 жыл» деген тақырыпта эссе жазды.  Екінші кезеңде қатысушыларға билет түрінде тапсырмалар беріліп, олар өздерінің білімдері мен ой-пікірлерін, көзқарастарын ортаға салды. Тапсырмаларда «Нұрлы жол», «Жасыл экономика», Ұлт жоспары – 100 нақты қадам, қазақтың үш биі, қазақ хандары, Қазақстанның спортшылары, қазақтан шыққан ғарышкерлер, Абай – жазба әдебиетінің негізін қалаушы, Әлихан Бөкейханов атты тақырыптар берілді. Алайда, қатысушылардың көбінің олимпиадаға дайындықсыз, жауапкершіліксіз келгендіктерінен бе, жоқ әлде бойларын қобалжу сезімі биледі ме, әйтеуір, берілген тақырыптарын толық ашып, талқылап, талдап бере алмады.  
Қатысушылардың арасында, тіпті қазақтың бас ақыны – Абай туралы бір сөз айта алмаған жастар да болды. Мектепте, яғни жас ұрпаққа білім беретін қасиетті ортада жұмыс істеп жүріп, мұндай сорақылыққа жол берген маманның білімсіздігі үшін залда отырған біз ұялдық. Көрермендердің  арасынан «ұялы телефонға шұқшиып, түрлі әлеуметтік желіде отырғанша, кітап оқымайсың ба?» деп айтылған сындарды да құлағымыз шалды. Сонда аудандық, қалалық  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдеріне олимпиада ережелері мен шарттары келіп түскенде, қатысатын үміткерлерді қайдан, қалай тауып алады? Ауданның намысын лайықты қорғап шығатын жөні түзу үміткерлерді  жібермеуші ме еді  деген де ой  келеді.
– Облыстық олимпиада өткізілмес бұрын жергілікті жерлер осындай іс-шаралар ұйымдастырып, солардың ішінен мықты деген жастарды іріктеулері керек еді. Бірақ, бүгін байқағанымыздай, кейбір аудандарда мұндай олимпиада өткізілмегені көрініп тұр. Қатысушылар ешқандай да дайындықсыз, «тисе терекке, тимесе бұтаққа» дегендей келе салған, – деді облыстық тілдерді дамыту басқармасының ономастикалық жұмыс және көрнекі ақпараттарды бақылау бөлімінің меңгерушісі Айгүл Талпақова.
Сонымен, олимпиада қорытындысы бойынша бірінші орынды М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясының мұғалімі Самал Рәшатова жеңіп алды. Екінші орынды Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейінің мұғалімі  Әйгерім Сұлтанова иеленді, ал, Жақсы аудандық мәдениет үйінің маманы Нұргүл Кәрімова үшінші орынға лайық деп танылды. Сондай-ақ, қорғалжындық Салтанат Әйкішева, ерейментаулық Нарқыз Мұхитова, егіндікөлдік Әли Серікбаев ынталандыру сыйлықтарына ие болды. Жүлдегерлер мен қатысушылар басқарманың арнайы дипломдарымен, Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.  
Ереже бойынша облыстық олимпиада жеңімпазы республикалық олимпиадаға жолдама алып, облыс намысын қорғайды. Ендеше, ағымдағы жылдың қазан айының 12-13 жұлдызында Павлодар қаласында өтетін олимпиадаға қатысатын Самал Рәшатоваға сәттілік тілеп, сенім артамыз.

 

Ырысалды ШАМШИЕВА

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар