Әркім өз мұқтажымен келді

Облыс әкiмi Сергей Кулагин жеке мәселелері бойынша тұрғындарды қабылдап, алдына үмітпен келген адамдардың өтініш-тілектеріне құлақ түрді, кейбір мәселелерді бірден  шешіп, бірқатарын заң аясында қарастыратын болды.

Облыс әкімінің қабылдауына бірінші болып кірген Көкшетау қаласының тұрғыны, «Спасти жизнь» жануарлар құқын қорғау» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Марина Рыбалко қаңғыбас жануарларға тұрақ ашу үшін бос тұрған ғимарат беруді немесе оны салуға жер телімін бөлуді сұрай келіпті. Оның айтуынша, облыс орталығында бос жатқан ғимараттар көп көрінеді. Облыс әкімі панасыз жануарлар тағдырына алаңдаған Марина Петровнаның ойын қолдайтынын, дегенмен,  қалада ол айтқандай бос жатқан ғимараттың жоқ екенін және оны жаңадан тұрғызу үшін көп уақыт кететінін айтып өтті.
– Бұл бір күнде шешіле салатын оңай шаруа емес. Алдымен, жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу қажет, содан кейін ғана қаражат бөлу мәселесі қаралуы тиіс. Бұған әрине, уақыт қажет. Біз сіздің сұрағыңызды қарап, бақылауға алатын боламыз, –  деді облыс әкімі.   
Ал, Еңбекшілдер ауданының тұрғыны, заңгер Ілияс Әділбаев өзінің 2-ші топтағы мүгедек қарындасының өтінішін жеткізді. Оның айтуынша, үш баласы бар, жалғызбасты ана көптен бері аудан орталығынан үй ала алмай жүрген көрінеді. Пәтер кезегінде 38-інші болып тіркелген. Алайда, қабылдауда белгілі болғандай, Ілиястың қарындасы Н.Әділбаеваға аудандық әкімдік осыған дейін бір бөлмелі пәтер ұсынған екен. Бірақ, ол отбасы мүшелерінің бір бөлмеге сыймайтындығын айтып, одан бас тартқан. Өңір басшысы арыз иесін мұқият тыңдап, бұл мәселе тек заң шең-
берінде шешілетіндігін айтып, түсіндірді.
– Бүгінгі күні Еңбекшілдер ауданында мемлекеттік бағдарлама аясында көп қабатты тұрғын үй салынуда. Сол үй межелі уақытта салынып бітсе, келер жылы пәтерлі болып қалуларыңыз әбден мүмкін. Сол кезде Н.Әділбаеваның денсаулығының нашарлығы, жалғыз өзінің кәмелет жасына толмаған үш баланы асырап отырғандығы міндетті түрде ескеріледі. Ол үшін сабырлылық сақтап, сәл күте тұру қажет, – деді өңір басшысы.
Әкімнің қабылдауында болып, сауалдарын қойғандардың қатарында Астана қаласынан арнайы келген «СК БИП Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Денис Зайцев те болды. Ол өз кезегінде облыс басшысына «Қаланы жарықтандыру және абаттандыру» жобасын ұсынды.
Облыс әкімі Сергей Кулагин қабылдауға келген барлық азаматтардың өтініш-тілектері мұқият ескеріліп, заң аясында шешілетіндігін айта келе, әрбіреуін өз бақылауында ұстайтындығын атап өтті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар