Бақылаған іс баянды

«Нұр Отан» партиясының  облыстық филиалы  жанындағы депутаттық комиссия «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы инфрақұрылымын, су және жылу құбырларын модернизациялау» бағыты бойынша бюджет қаржысы мен Ұлттық қор қаржысын мақсатты және тиімді жұмсау мәселелері бойынша тексеріс жүргізді.

Комиссия мүшелері Көкшетау қаласындағы Қопа көлі жағалауындағы тұрғын үйлерге сыртқы инженерлік желілерді қайта қалпына келтіру жұмыстарының барысын қадағалады. Аталмыш жоба аясында 70 тұрғын үй мен әлеуметтік-мәдени бағыттағы объектілер  13,42гкал/сағат жалпы қуаттық жылумен қамтамасыз етілетін болады. «АП-Импэкс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары Жетібай Жақыпов жаңартылған магистральді құбырлар Қопа көлі жағалауында орналасқан жаңа шағын аудан үшін қосымша жылу көлемін беруге және облыстық емханаға дейін тұрақты жылуды жеткізу мәселесін шешуге мүмкіндік туғызатынын айтты. Ал, облыстық мәслихаттың депутаты Әлібек Баймағамбетов мұндай тексерістердің тәжірибесі одан әрі жалғасын тапса нұр үстіне нұр болатынына тоқталды.
Жобаға сәйкес осы жылы жалпы ұзындығы 2,6 мың метрден астам құбыр желістерінің қайта жөнделуі қарастырылған. Қазіргі кезеңде құбырларды өткізгеннен кейінгі жұмыстар және объектіні мемлекеттік қабылдау комиссиясына тапсыру үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде. Егер 2015 жылы 426,5 метр жылу құбыр желістері жөнделсе, үстіміздегі жылдың осы кезеңі ішінде 2134,5 метр құбыр желістері жөнделген. Сонымен  қатар,  комиссия мүшелері мердігерлік ұйымның күрмеуі қиын мәселелеріне назар аударды.                

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар