Жастардың бүгіні мен ертеңіне керек дәріс

«Сұңқар» сауықтыру орталығында өткен оқыту лагерінің дәрістеріне облыстың бірқатар белсенді жастары қатысты.

Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Ринат Галлямов іс-шараның ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде «жастар саясатын жүзеге асыруға мемлекет тарапынан айтарлықтай көңіл бөлініп, олардың жан-жақты дамуы үшін қажетті  түрлі жұмыстар  жүргізіліп жатыр», – деп атап өтті.    
Ақмола облысы бойынша «Жас Отан» қоры» корпоративтік қоры, облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысымен ұйымдастырылған оқыту лагерінің негізгі мақсаты – жастардың зияткерлік қабілеттерін дамыту, оларды көшбасшылық және басқарушылық дағдыларға баулу, жастар саясатының жалпы жұмысын үйлестіруді үйрету. Екі күнге созылған шарада жастарға қатысты өзекті мәселелер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жас-тар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөнінде пікір алмасу алаңдары, жеке және кәсіби дағдыларды қалыптастыратын семинар-тренингтер  тартымды әрі танымдық тұрғыдан әсерлі өтті.
Жастарға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлігінің облыс бойынша департаментінің басшысы Қуаныш Жапақов, Отбасы тәрбиесі институты филиалының директоры Юлия Саркеева,  Қазақстан жастары конгресінің атқарушы директорының орынбасары Тоқтар Болысов, облыстық жастар ресурстық орталығы ақпараттық аналитикалық бөлімінің басшысы Мырзабек Мырзахметов өз салалары бойынша тренингтер өткізіп, дәріс оқыды және түрлі ой пікірлерін ортаға салып, жастардың да көзқарас пікірлерін тыңдап, талдау
жүргізді.
Шара соңында салауатты өмір салтын қалыптастыруға жастардың құлшыныс-қызығушылықтарын арттыру мақсатында футболдан турнир ұйымдастырылды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар