Осы аптаның соңында Астанада Ақмола облысының күндері өтеді

Кеше өңір басшысы Сергей Кулагин ағымдағы мәселелер бойынша кеңес өткізді. Облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Виктор Радченко өзінің баяндамасында аймақтағы жылу беру маусымының басталуы, тұрғын үйлерді жылу жүйесіне қосу бағытында атқарылған шаруалар, бюджеттік қаржыны игеру, жетім балаларға 65 пәтер бөлу мәселесі туралы айтып берді.

Осы арада облыс әкімінің тапсырмасына орай, үстіміздегі жылы ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған 159 балаға пәтер берілетіндігі туралы айта кеткен жөн. Кеңес барысында облыстық маңыздағы «Новоколутон-Ақкөл-Азат-Минское», «Новочеркасское-Егіндікөл-Жантеке» бағытындағы жолдар мен «Родина», «Балкашино-Шаңтөбе» және «Бұзылық-Алматинский» ауылдарының ішіндегі жолдарды жөндеу жайы талқыланды. Сондай-ақ, Астана қаласында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған Ақмола облысы күндерін өткізудің жайы пысықталды. Сөз арасында бұл шараны қазан айының 29-30-ы күндері  өткізу жоспарланып отырғандығын еске сала кетейік. Бұл күні «Тәуелсіз елдің тұғыры биік» театрландырылған қойылымы көрермендер назарына ұсынылып, тоғызқұмалақ, кір көтеру, асық ату, салмақ көтеру, армрестлинг, бұқа тарту, дартс ойындарынан бұқаралық спорттық шаралар ұйымдастырылады.
Астана қаласының тұрғындары мен меймандары Бейбітшілік және келісім сарайында ақын-жазушы Құдайберлі Мырзабектің «Жанымның мәңгі көктемі» шығармашылық кешін тамашалап, Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театрында Мұхтар Шахановтың «Шыңғыс хан» қойылымын көре алады. Қыран құстар мен жүйрік тазылардың, маң төбеттердің көрмесі де көпшілікті бейжай қалдырмайды. Сондай-ақ, ұлттық дәмді дәріптеу де ұйымдастырылады.
Қазан айының 30-ы күні, сағат 11.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында Ақмола облысының тәуелсіздіктің 25 жылдығы ішінде әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы қол жеткізген жетістіктерін саралайтын, 12 бағытты қамтыған көрме ұйымдастырылады. Осы арада Ақмола облыстық филармониясы «Жер жұмағы – Көкшетау. Ел тұмары – Астана» концерттік бағдарламасын көрермен назарына ұсынады.
Шараларды М.Горький атындағы академиялық драма театрында қойылатын Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық- драма театры сахналайтын Т.Ахметовтің «Шәкәрім» драмасы түйіндейді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар