Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясы Корольдігіне ресми сапарының қорытындысы бойынша БАҚ өкілдері үшін баспасөз брифингін өткізді.

 

Брифингте Елбасы Сауд Арабиясына жасаған сапарын қорытындылады.
– Сапар аясында энергетика, тау-кен саласы, ауыл шаруашылығы, сауда-саттыққа қатысты жалпы құны 60 миллиард теңгеден асатын 10 келісімге қол қойылды. Атап айтқанда, олардың арасында Оңтүстік Қазақстан облысындағы құс фабрикасы, Ақмола облысындағы азық-түлік өндірісі жөніндегі келісімдер бар. Қазіргі таңда Қазақстанда Сауд Арабиясының қатысуымен 17 кәсіпорын жұмыс жүргізуде, – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті тауар айналымын ұлғайтуға логистикалық қиындық-тар кедергі келтіріп келгенін атап өтті.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Корольдікпен өзара іс-қимылдың перспективалы бағыттарына назар аударды.
– Саудтық серіктестеріміздің күн мен жел энергетикасын пайдалану тәжірибесі бар. Сауд Арабиясы энергетика саласындағы өздерінің жаңа әзірлемелерімен Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне белсене қатысатын болады. Сондай-ақ, келіссөздер барысында біз мұнай мен газ саласындағы жүргізіліп отырған сая-сатты талқыладық. Жалпы, біз бұл елде өте пайдалы әрі аса қажетті кездесулер өткіздік деп санаймын, – деді Қазақстан Президенті.

 

 

 

Елбасы мемлекет қайраткері Сергей Дьяченконың қайтыс болуына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

 

«Ол ұзақ жылдар мемлекеттік органдарда басшылық қызметтер атқарып, Парламент Мәжілісінде депутаттық өкілеттігін абыроймен орындап, еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық тұрғыдан дамуына қомақты үлес қосты. Отанымыздың нағыз патриоты ретінде өзінің бар ойы мен атқарған ісін Қазақстан Республикасының игілігі жолына арнады. Оның ерен еңбегі жоғары мемлекеттік наградалармен атап өтілді», – делінген жеделхатта.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев С.Дьяченконың жарқын бейнесі оны білетіндердің жүрегінде әрдайым сақталатынына сенім білдірді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар