«Еркін қойма» – кіріс көзі

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында партияның сайлауалды «Индустриялық даму» бағыты бойынша өңірлік партия кураторы комиссиясының отырысы болып өтті.

 

Комиссия мүшелері, облыстық мемлекеттік кіріс департаментінің өкілдері және кәсіпорын басшылары қатысқан жиналысты аталмыш комиссияның төрағасы, «КамАЗ-Инжиниринг» акционерлік қоғамының басшысы Сергей Кистин ашып жүргізіп отырды. Отырыста облыс экспорттаушылары – кәсіпорындардың экспорты бойынша қосымша құн салығын қайтару, «еркін қойма» тәртібінде жұмыс істейтін кәсіпорындардың преференциясын сақтау мәселесі қаралды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша облыстық мемлекеттік кіріс департаментіндегі қосалқы салықты әкімшілдендіру басқармасының басшысы Жасұлан Тілеулин артық есептелген қосымша құн салығын қайтару, тексеру және қажетті құжаттар мен салық кодексі жөнінде айтып берді. Комиссия мүшелері кері қайтарылатын қосымша құн салығының көлемі 4 534,1 миллион теңгені құрағанына алаңдап, басқарма басшысын сауалдың астына алды. Одан әрі «еркін қойманың» тиімділігі жөнінде әңгіме қозғалды. Мұндай шетелдік тауарларды пайдалану жағдайы аталмыш қойманың иесі үшін өте тиімді. Бұл енгізілетін кедендік төлемді кейін төлеуге немесе оны төлеуден босатлуға мүмкіндік береді. Қазір облыстық мемлекеттік кіріс департаменті қызметі аумағында орналасқан «еркін қойма» иелерінің тізіліміне енгізілген «КамАЗ-Инжиниринг» акционерлік қоғамы мен «Стерх», «Вектор» комбайн зауыты», «Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорация», «Көкшетау сүт зауыты» серіктестіктері тәрізді заңды тұлғалар бар. Бұдан кейін облыстық мемлекеттік кіріс департаментінің кедендік құжат толтыру басқармасының бас маманы Қайрат Исімбаев аталмыш департамент аумағында орналасқан «еркін қоймалардың» жұмысы жөнінде айтты.
    –2010 жылы Кедендік одақ елдері еркін қоймалар және оның кедендік жұмысы жөнінде келісім-шартқа отырған. Мұнда еркін қоймалар жұмысының құқықтық шеңбері анықталған. Еркін қойма деп күзетілетін ғимараттың бір бөлігі немесе аумағы жабдықталған ашық алаңы бар кешенді ғимаратты айтады. Еркін қоймадағы тауарларға кеден төлемақысы мен салығы төленбейді. Дегенмен,  та-уарлар кеден бақылауына алынған. Мемлекет өз кезегінде ұлттық және шетелдік өнеркәсіпті дамыту үшін инвестиция тартудан әртүрлі кіріс алады. Мәселен, «Кам-АЗ-Инжиниринг» акционерлік қоғамы Кедендік одақтан еркін қоймаға әкелген бөлшектерден әртүрлі жүк көліктерін құрастырады. 2015 жылдан бері 1283  «КамАЗ» автокөлігі сатылып, қосымша құн салығы бойынша 2 миллиард теңгеден астам преференция алынды,– деді бас маман. Комиссия мүшелері мен кәсіпорын өкілдері тарапынан қойылған сауалдарға тұшымды жауап берілді. Жиналыс соңында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Азамат Біржанов облыс әкімінің Алғыс хатын «КамАЗ-Инжиниринг» акционерлік қоғамының басшысы Сергей Кистинге табыс етті.

Рамазан Тілеуов.

Суретті түсірген автор.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар