Индустрияландыру картасының ірі жобалары іске қосылды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа нысандарды іске қосуға арналған телекөпір барысында Тәуелсіздіктің 25 жылындағы индустриялық дамудың негізгі кезеңдеріне арналған фотосурет көрмесін аралап көрді.

Телекөпір кезінде еліміздің барлық өңірінен 23 тікелей қосылым жүзеге асырылып, жұмыс істеп тұрған нысандар таныстырылды және Индустрия-ландыру картасының мейлінше ірі жобалары іске қосылды.
– Біз экономиканы әртараптандыруға және шикізаттық емес саланы қарқынды дамыту жолына қарай айқын бағыт ұстадық. Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың 2010-2014 жылдары іске асырылған мемлекеттік бағдарламасы өз нәтижесін берді. Жаңа тарихымызда өңдеу өнеркәсібі алғаш рет тау-кен өнеркәсібіне қарағанда жеделірек дами бастады, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев индустрияландыру жылдары жалпы көлемі 4,6 триллион теңге болатын 1 мыңнан астам жоба жүзеге асқанын атап өтті.
– 100 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылды, «Глобал 2000» тізіміндегі 30-ға жуық трансұлттық корпорация іске тартылды. Теміржол машиналарын жасау саласы жаңадан қалыптастырылды. Экспорттық жаңа тауарлар, соның ішінде мұнай өнімдері, аккумуля-
тор, трансформатор, металлургиялық жаңа тауарлар, машина жасау өнімдері және басқа да көптеген өнім түрлері шығарыла бастады, – деп түйіндеді сөзін Қазақстан Президенті.
Елбасы Дүниежүзілік банктің «Бизнес жүргізу жеңілдігі» рейтингінде республикамыз әлемнің 190 елі арасында 35-орынға көтерілгенін айтты.
Елбасы мемлекеттің пәрменді қолдауына негізделген кең ауқымды индустрияландыру ісі Қазақстанды дамыған елдер қатарына қосуға, кешенді әлеуметтік мәселелерді шешуге, сондай-ақ, халықтың тұрмыс деңгейін арттыруға мүмкіндік беретінін атап көрсетті.
Іс-шара аясында Қазақстан Президенті «Алтын сапа» байқауының арнаулы сыйлықтарын тапсырды. Атап айтқанда, «Үздік индустриялық жоба» сыйлығы – «Атыраумұнаймаш» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы С.Түгелбаевқа, «Үздік инновациялық жоба» сыйлығы – «Химфарм» АҚ директоры Р.Байғаринге, «Сапа көшбасшысы» сыйлығы –  ERG менеджерлер кеңесінің төрағасы А.Машкевичке берілді, «Қазақстан электролиз
зауыты» АҚ да осы номинация бойынша жеңімпаз атанды. «Парыз» байқауының гран-при жүлдесі «Ақсайгазсервис» АҚ президенті Т.Шектебаевқа табыс етілді.
Соңында Мемлекет басшысы іс-шараға қатысушыларды алда келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар