Әдеби-көркем, қоғамдық-саяси, әлеуметтік «Көкшетау» журналының жаңа саны жарық көрді.

Ол Аманкелді Жұмабектің «Азырақай» тарихи дерекнамасымен ашылып отыр. Азырақай – жойқын жоңғар шапқыншылығының беті қайтқан жер. Одан әрі журнал мазмұнын Ғалихан Ахметовтың «Үкілі Ыбырай» кітабының соңғы тарауы жалғастырады. «Таным» айдарымен беріліп отырған марқұм Амантай Сатаевтың «Мағжан мен Мандельштам» деректі эссесі қазақ және орыс ақындарының достығынан сыр шертеді.
«Әдеби мұра» айдарынан бұл жолы оқырмандар өмірден ерте өткен дархан дарын Мұса Асайыновтың бір топ сыршыл өлеңдерімен таныса алады.  Белгілі ақын Есенғали Раушановтың «Көкшетаулық сұлуды сүйген ақын» естелігі майдангер қаламгер Тоқаш Бердияров өмірінің бізге беймәлім тұстарына арналған.
Журнал бұл жолы жерлес ақын Тортай Сәдуақасовтың өлеңдеріне де кең орын беріп отыр. Толымбек Әбдірайымның «Талқы» және «Тағдыр сыйы» деп аталатын қос әңгімесі оқырмандар көңілінен шығатыны анық. Күңгейлік ақын Орынбасар Сүттібайдың «Қазығұрт. Шілтен әулие» өлеңдер топтамасын, Ғалия Қожаназарованың «Шыңғыс Сұлтан» зерттеу еңбегін, Есқара Тоқтасынұлының «Күйші тағдыры» новелласын, Қайырбай Төреғожаның «Кереғарлық» өлеңін, Елеусіз Мұратовтың «Қаңғыбастың ажалы» әңгімесі мен Дмитрий Мамин-Сибиряктің «Ақбозат» хикаятын да журналдың осы санынан оқи аласыздар.
Журналдың орыс тіліндегі бөлімінде биыл өмірден өткен Сырым Рахымовтың бір топ өлеңдері, Малик Хафизовтың татар жазушысы Ибрагим Салахов туралы «Его не сломила черная Колыма» деректі әңгімесі мен Анатолий Кирсанкиннің «Кокшетау – мой город» өлеңдер топтамасы берілген.
«Арқа ажарының»  өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар