Мереке құрметіне – жаңа зауыт

Ел тəуелсіздігінің 25 жылдығына тарту ретінде Степногорcк қаласында «Нефтяной дом «Астана Ойл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мұнай өңдейтін шағын зауыты пайдалануға берілді.

 

Бұл Ақмола облысы аумағындағы жоғары сапалы қысқы дизель отынын өңдейтін алғашқы зауыт. Өңірлік Индустрияландыру картасына енгізілген жобаның құны 1,3 миллиард теңгені құрайды. Зауыттың қуаты жылына 150 мың тонна инновациялық жолмен, еуро стандартқа сай келетін жоғары сапалы дизель отынын шығаруға жетеді.
Кәсіпорынның ашылуы салтанатына қатысқан қала әкімі Əнуар Күмпекеев зауыттың отандық өнім шығарудағы маңызын атап өтті. Сондай-ақ, зауыт басшылығына өз жанар-жағармай құю стансасын ашуды да ұсынды.
Серіктестіктің дерегіне сүйенсек елімізде дизель отынына деген сұраныс 400 мың тонна болса, оның 150 мың тоннасы осы зауытта  өндірілетін болады. Сонымен қатар, жаңа кəсіпорын  жергілікті 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Степногорск қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар