Тарихи жетістігіміздің мерекесі

Құрметті ақмолалықтар!
Әр елдің тарихында аса маңызды, өзекті оқиғалар бар. Әрине олардың ішіндегі ең елеулісі елдің өз Тәуелсіздігін алуы. Осы күндері қазақстандықтар жаңа Қазақстан тарихының айтулы кезеңіне айналған, біздің еліміз үшін маңызды оқиға – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын тойлауда.
Құрметті жерлестер! Сіздерді еліміздің жалпыұлттық мейрамы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Өткен ширек ғасырда Қазақстан халқы ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен ауқымды тарихи нәтижелерге қол жеткізіп, Орталық Азия елдері арасында көшбасшы атанды. Бұл күндері біз осыдан 550 жыл бұрын алғашқы қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібек сұлтандардың және қазақ мемлекеттігін бекіткен Абылай ханды, сондай-ақ, Қазақстан тарихының тар жол тайғақ кешу тұсында ел халқының бостандық пен Тәуелсіздік туралы көп ғасырлық арманын жүзеге асырған еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаевтың есімдерін ерекше айтамыз.  
Тәуелсіздік таңы қарсаңындағы қиын жағдайда ұлттық валютамыз енгізіліп, заманауи банк, салық және зейнетақы жүйелері құрылып, жаңа экономикалық байланыс орнатылды. Міне, осылайша біздің қазақстандық дамудың даңғыл жолы басталды. Қазақстанда жаһандық үдерістерге жауап беретін және бар қоғамның мүддесін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін тиімді мемлекеттік құрылыс жүйесін құруға мүмкіндік беретін тарихи маңызды реформалар  жүргізілді.
Біз шын мәнінде еліміздің 2030-Стратегиясын шұғыл орындап, әлемнің ең дамыған 50 елінің қатарына енгеніне қуанамыз. Қол жеткен жетістіктерге тоқмейілсімей, Елбасының бастамасы бойынша 2050-Стратегиясы,  «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспары дайындалып, енді біз әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруге ұмтылудамыз. Осы өткен 25 жылда Қазақстан жүз жылдық тарихқа тән жолды жүріп өтті, өркениетті мемлекеттер арасында жоғары беделге ие екенін дәлелдеп, қоғамның демократиялық дамуына серпін берді.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында Қазақстан Орталық Азия елдерінің арасында алғашқы болып БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Еліміздегі жүргізілген реформалар біздің Ақмола өңірінің де экономикалық дамуының кепіліне айналды. Тәуелсіздіктің  25 жылдығында біздің облысымыз әлеуметтік саланың барлық бағыттарында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Өңірде жаңа заманға сай халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жаңа фабрикалар мен зауыттар іске қосылып, отандық жаңа өнімдер өндірісі игерілуде. Тауарлық өнім өндірісі 250 есе, инвестиция көлемі 100 есеге өсті. Жаңа нысандарды іске қосу есебінен шағын және орта бизнес дамуда, тек соңғы 15 жылда ғана облыста 200 мың жаңа жұмыс орны ашылып, жұмыссыздық деңгейі 11 пайыздан  4,9 пайызға азайған.
Біздің диқандардың, мал шаруашылығы және қайта өңдеуші кәсіпорындары қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында облысымыздың агроөндірістік кешен саласы тұрақты түрде биік көрсеткіштерге қол жеткізуде. Біздің өңірде жаңа технологияларды ендіру есебінен жыл сайын астық дақылдарының өнімділігі мен сапасы артып, биыл 5,7 миллион тонна бидай жинауға мүмкіндік берді.  
Тәуелсіздік жылдары облыста жаңа 44 жалпы білім беру мектебі салынған және 530-дан астам мектепке дейінгі мекеме ашылған, бұл мектепке дейінгі балалардың тәрбиесін қамту көрсеткішін 95 пайызға дейін жеткізуге мүмкіндік берген. Өткен жылдары өңірде 34 жаңа денсаулық сақтау нысаны ашылды, ақмолалық дәрігерлер оталардың ауыр түрін жасауға машықтанып, жыл сайын дәрігерлік қондырғылар жаңартылуда. Бұл жетістіктер ақмолалықтардың өмір ұзақтығын 6,5 жылға ұзартып, 71 жасты құраған.
Қазақстандықтар осы жылдары қиын жолды жүріп өтті, бірақ жаһандық үдеріс жағдайында бізді алдымызда көптеген жұмыстар күтіп тұр. Тәуелсіздік бізге үлкен мүмкіндіктер сыйлады. Біздің міндетіміз – оларды толық пайдалану. Өйткені, ел болашағы біздің қолымызда және қазақстандықтардың болашақ ұрпағына қандай мемлекет қалдыратынымыз біз бен сізге байланысты.   
Сіздерді шын жүректен мерекемен құттықтап, отбасыларыңызға бақыт, денсаулық және амандық тілеймін. Біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасы дами берсін!
Сергей КУЛАГИН,
Ақмола облысының әкімі.

Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді шын жүректен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтаймын! Осы бүкіл халықтық мерекені Ұлт Көшбасшысы, ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған реформаларының арқасында орасан зор әсерге бөлеген жетістіктерге қол жеткізгені үшін ерекше қуанышпен атап өтеміз.
Тәуелсіздіктің даму жылдары экономиканың көтерілу, саяси өсу, құқықтық, демократиялық мемлекет құру уақыты болды. Реформалардың іске асырылуына экономика саласын дамыту үшін барлық жағдайлар жасалған Ақмола облысының тұрғындары да  ауқымды үлес қосты.  
Әрбір ақмолалықтың азаматтық және іскерлік белсенділігі облыстың экономикалық беделі мен саяси айқындамасын нығайтуға бағытталған жоспарларды ойдағыдай іске асырудың кепілі болатынына сенімдімін.  Осы айтулы күні сіздерге табыстар мен болашаққа деген сенім, әр отбасына әл-ауқат, Отанымыз – тәуелсіз Қазақстанның игілігіне жаңа белестер тілеймін!  
Дулат НҰРМОЛДИН,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.
 Қадірлі ақмолалықтар!
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы құтты болсын! Бүгінде Қазақстан Республикасы – қоғамның және мемлекеттің, экономиканың маңызды даму ресурстарына айналған, бейбітшілік пен келісім, тыныштық пен сенім ұялаған көпұлтты, берекелі шаңыраққа айналды.
Халқымыздың ғасырлар бойы арман еткен тәуелсіздігіміздің тұғыры бекіп, еліміздің тұтастығы мен бірлігі молая берсін. Қадірменді жерлестер, егеменді Қазақстанның тұрақты дамуы мен өркендеуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!
«Нұр Отан» партиясының
Ақмола облыстық филиалы.

Құрметті ақмолалықтар!
Баршаңызды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығымен  шын  жүректен құттықтаймыз! Бұл мереке біздің еліміздің басты әрі қасиетті мерекесі болып табылады. Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығының  
Декларациясында  «Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы – өз тарихында тұңғыш рет заманауи мемлекет құрған Қазақстан халқының ауқымды тарихи жетістіктерінің жарқын көрінісі», –
деп атап көрсетілді.
 Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ел тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бас-тап, ішкі және сыртқы саясатты дұрыс анықтай білуінің, дамудың қазақстандық жолын қалыптастыруының нәтижесінде біздің еліміз үшін бұл ширек ғасырлық кезең ілгерілеу мен орнықты дамудың кезеңі болды. Қазақстан  қазір әлемнің бәсекеге ең қабілетті 50 елінің қатарына қосылып, ендігі арада әлемнің дамыған қуатты отыз елінің қатарына  қосылуға қадам басудамыз.
 Тәуелсіз Қазақстан конфессияаралық және этносаралық татулық пен келісім үстемдік құрған мемлекет дамуының бүкіл әлемде танылған жаңа бірегей моделін құрды. Қазір қазақ жерін мекендеп отырған сандаған ұлттар мен ұлыстардың өкілдері өзара татулық пен ынтымақты жағдайда өмір сүріп, еңбек етуде. Бұл ел тәуелсіздігінің басты жемісі мен жеңісі болып табылады.
Елбасы Ұлы Дала Елі Қазақстанның Мәңгілік ел болуының барлық қағидаттарын қалыптастырып, тәуелсіздігімізді көзіміздің қарашығындай сақтауды  бүгінгі және келер ұрпақтар алдындағы тарихи міндет есебінде аманаттап келеді. Соған орай, Елбасының төңірегіне тығыз топтасып, тәуелсіздігімізді одан әрі нығайтып, ширек ғасырда қол жеткізген табыстарымыз бен жетістіктерімізді баянды етіп, оны еселеу алда тұрған абыройлы міндеттердің бірі деп санаймыз.
Ел тәуелсіздігінің ширек ғасырлық мерекесі барша ақмолалықтарға құтты болсын! Сіздердің әрқайсыларыңызға зор денсаулық, отбасының аманшылығын тілейміз. Әр шаңырақтың бақыты мен ырыс-дәулеті арта түссін. Мәңгілік ел болуды мұрат етіп отырған Қазақстанның тәуелсіздігі баянды болып, нығая берсін!

Рашит Әкімов, Жабал Ерғалиев,
  Қазақстан Республикасы Парламенті
                                                         Сенатының депутаттары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар