Жылдың жүгі ауыр, міндеті ауқымды

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаровтың төрағалығымен агроөнеркәсіп кешені саласының өткен жылғы даму қорытындылары және болашағы жөнінде кеңес болып өтті.

Кеңеске қала мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, облыстық, аумақтық басқармалар мен ведомстволардың, қалалық және аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің басшылары қатысты. Жиында облыстың бірқатар өңірлерінде сала дамуында оң серпін байқалатыны, бұған жүйелі жұмыс ықпал еткені атап өтілді.
– Өткен жылы өңір диқандары 5,7 миллион тонна астық жинады. Төрт түлік санының өсуі байқалады. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары 64,4 миллиард теңгенің өнімін өндірді,– деді Қадырхан Отаров өз сөзінде. Қол жеткізген табыстармен қатар, аудандарда шешілмеген мәселелер жетерлік. Бұл еңбек өнімділігі мен тиімділігін арттыруға кедергі болып отыр. «Сыбаға», «Алтын астық», «Құлан» бағдарламаларын несие-леу және тауарлы сүт фермасын құру жұмыстарында сылбырлық байқалуда. Мемлекет тұрғындардың қолындағы құнажындар мен
сиырларды қолдан ұрықтандыру шығынын жабу бойынша қолдау көрсетуде. Облыс әлеуеті барлық көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік береді. Үкімет 2017-2021 жылдардағы агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын қабылдағалы отыр. Бұл бағдарламаның мақсаты –сұранысқа ие әрі бәсекелестікке қабілетті өнімдерді молайту.
Кеңесте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мұрат Балпан, Ауыл шаруашылығы министрлігі Ақмола аумақтық инспекциясының басшысы Сұлтан Қасенов, облыстық ветеринария басқармасының басшысы Базарбай Бұлашев, Ауыл шаруашылығы министрлігі аумақтық ветеринарлық инспекциясының басшысы Манат Әбдірахманов өз салаларындағы жұмыстардың барысы жайында баяндама жасады.  Кеңес қорытындысы бойынша өткен жылы жол берілген қателіктерді қайталамау және басшылардың өз міндетіне жауапкершіліктерін арттыру міндеті қойылды.

 

 

Сол күні облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаровтың төрағалығымен жер қатынастары саласында да өткен жылдың жұмыс қорытындылары және биылғы жылдың міндеттері сараланды.

 

Кеңесте облыстың жер қатынас-
тары саласын дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру мақсатында былтыр облыстық және аудандық деңгейде бірнеше шаралар өткізілгені атап өтілді. Бүгінгі таңда алда тұрған маңызды міндеттердің бірі жекеменшік тұрғын үй және көппәтерлі тұрғын үй қоры құрылыстарын  жермен, сондай-ақ, «Нұрлы жер» бағдарламасына сәйкес қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету болып табылады. Өңірлерге коммуникациялар тарту үшін тиісті жұмыстар жүргізілуі қажет. Бұл құрылыс салуға жер бөлу мәселесіне тікелей байланысты. Сол сияқты, бөлінген жер учаскесін дұрыс пайдаланбайтындардың жалға алу келісім-шартын бұзу шаралары қолданылуда. Целиноград ауданындағы Қоянды ауылында жекеменшік тұрғын үй құрылысын өз беттерінше салу оқиғасы орын алғаны белгілі.  
Бұл мәселе іс жүзінде шешімін тапты. Бүгінгі күні белгілі болған осындай 195 үй құрылысын салу оқиғасына байланысты тұрғындар мәселесінің 182-і шешімін тауып, сату-сатып алу шарты жасалды. Алты жер телімі заңсыз деп танылып, құрылыстары бұзылды. Алдағы уақытта үй құрылысын өз бетінше заңсыз жүргізуді болдырмау бағытындағы жұмысқа жете назар аударылуы керек.
Облыс әкімі 2016 жылдың 29 желтоқсанында бекіткен жоспарға сай Астана маңындағы аумақтардан жерді өз бетінше басып алу оқиғаларын құқық қорғау органдары ерекше бақылауда ұстауы тиіс. Жерді заңсыз иеленудің белең алуына байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігіне прокуратура органдары барлық мақсаттағы жерлерді жаппай тексеруді ұсынып отыр. Дегенмен де, бұл шараны жүзеге асыруға қажетті қаржыны табу мәселесі ашық күйінде қалуда. Кеңесте өткен жылдың жұмыс қорытындылары және алда тұрған міндеттер туралы облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Алмагүл Қадыралина, облыстық жерді пайдалануды және қорғауды бақылау жөніндегі басқарманың басшысы Талғат Мұханбеджанов, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Владимир Фелбелт, «Азаматтардың үкіметі» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ облыстық филиалы – жер кадас-тры және жылжымайтын мүлікті техникалық зерттеу департаменті директорының орынбасары Сергей Серіков баяндама жасады. Кеңес жұмысын қорытындылай келе, облыс әкімінің бірінші орынбасары бүгінгі айтылған мәселелерден дұрыс нәтиже шығарып, жұмысты неғұрлым жаңа, сапалы арнаға бұру жөнінде тиісті міндеттерді белгіледі.  
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар