Облыс әкімі Сергей Кулагиннің Атбасар ауданына жұмыс сапары өңірдің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып, жаңа міндеттерді айқындауға арналды.
Ауданда әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер назардан тыс қалған емес. Бұған облыс әкімінің Покровка елді мекеніндегі орта мектепте болып, материалдық-техникалық базасымен танысқанында көз жеткіздік. 109 бала білім алатын мектепте оқушылар жаратылыс-тану-математика бағытында тереңдетіліп оқытылады. Оқушылар «Покровка Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі есебінен ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Мектептің жанында жиырма бес балаға арналған шағын орталық жұмыс істейді. Сергей
Кулагин оқушылардың таңдаған мамандықтары жайлы сұрастырып, өңірге дəрігерлер жетіспейтінін əрі медицина мамандары жоғары оқу орындарында облыстық бюджет есебінен оқытылатынын айтып, қамқорлық жайлы құлағдар етті.
Өткен жылы аталған білім ордасына облысымызға танымал азамат Уәлихан Әріпов басқаратын
«Покровка-Агро» серіктестігі 90 миллион теңге қаржы бөліп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліпті.
Бұл – мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің мүмкіндігін жете пайдалану. Бүгінгі күні мектептің іші, сырты жайнап тұр. Оқушылардың алаңсыз білім алуына барлық қолайлы жағдай жасалынған. Сонымен қатар, ауылдағы фельдшерлік-акушерлік пункт те «Әріп-Агро» серіктестігінің 5,2 миллион теңге қаржысына жөнделген. Ауылда ана мен бала өлімі, туберкулез ауруына шалдыққан адамдар тіркелмеген. Медициналық мекеменің меңгерушісі Жәмила Ақышеваның айтуына қарағанда, тұрғындар міндетті түрде флюорографиядан өтіп отырады.
Атбасарлықтар көктемгі су тасқынына қарсы шараларды қазірден-ақ бастап кетіпті. Аудан көктемгі су тасқынының қаупі көп өңірлердің бірінен саналады. Жабай өзені жағасын бойлай ұзындығы 9,5 шақырым бөгет (дамба) тұрғызылған. Осы мақсатта облыстық бюджеттен 63,183 миллион теңге қаржы бөлініп отыр.
Облыс әкімі бұл орайда, су басу қаупі бар тұрғын үйлер мен әлеуметтік ғимараттардың, көшелердің, арықтар мен су ағызу нысандарының дер кезінде қардан тазалануын да естен шығармауды ескертті.
Атбасар қаласындағы ақыл-ой кемістігі бар және психикалық дамуы кеш дамыған балаларға арналған №2 облыстық арнайы түзету мектеп-интернатында 149 бала бар. Мұнда да өткен жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бұл үшін бюджеттен 129 миллион теңге қаржы бөлінген. Аудан орталығында жаңадан ашылған «Арбат» сауда үйі жұмыс істейді. Кәсіпкер Танзила Мартазанова басшылық ететін дүкеннің құрылысына 40 миллион теңге қаржы жұмсалған. Оның 20 миллион теңгесі «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы бөлінсе, қалғаны кәсіпкердің өз қаржысы. Мұнда бес адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылып отыр. Одан әрі облыс әкімі «ХПП Лана», «Атбасар ұн» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің жұмысымен танысты.
Өңір басшысы жұмыс сапары барысында жеке мəселелері бойынша азаматтарды да қабылдады. Ал, қалалық мәдениет үйінде өткен аудан әкімі
Андрей Никишовтың тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуінде өңірдің экономикасына, басқа салаларға қатысты көп жайлар қамтылды. Ауданда өнеркәсіп, мал шаруашылығында ілгерілеушілік бар. Мемлекеттік «Сыбаға», «Құлан» бағдарламалары аясында өз ісін бас-
тап, кəсібін кеңейтіп жатқан азаматтар қатары аз емес. Өткен жылы аудан диқандары мол астық жинады.
Сонымен қатар, Астананың айналасында азық-түлік белдеуін жасау бағытында да жұмысты одан əрі жандандыра түсу керек, – дей келе, облыс əкімі мүмкіндігі шектеулі жандардың назардан тыс қалмауын, оларды жұмысқа орналастырып, қоғам өміріне белсенді қатыстыруды еске салды. Аз қамтылған отбасылардың балаларына еліміздің медициналық оқу орындарына түсулері үшін арнайы облыс әкімінің гранты тағайындалғанын баса айтты.
Жиын соңында бір топ еңбеккерлер өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.
Атбасар ауданы.