Шеттен цемент тасымас едік

Облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен Еңбекшілдер ауданында салынып жатқан цемент зауытын іске қосу мәселелерін талқылаған кеңес өткізілді.

Бүгінгі таңда кәсіпорындағы барлық құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталған. Жобаны жүзеге асыруға бағытталған 61,3 миллиард теңге инвестиция жүз пайыз игерілген.
– Алғашқы сынақ ретінде 4200 тонна клинкер мен 4500 тонна цемент өндірілді.  Өнімді темір жол арқылы тасымалдау мәселесі де ойластырылуда, – дейді кәсіпорын директоры М.Молтұсынов, – қазіргі зауытта 545 адам жұмыс істеп жатыр. Ол толығымен іске қосылғанда жұмысшылардың саны 650-ді құрайтын болады.
Кеңесте кәсіпорынды үстіміздегі жылы іске қосу керектігі айтылды.
– Біз бүгін бірлескен жұмыстың келесі кезеңін жүзеге асыруға жиналып отырмыз. Бұл дегеніңіз жаңа жұмыс орындары, әрі біздің өңірдегі құрылыс индустриясының дамуына сенімді серпін беретін жоба, – деді облыс әкімі.   
Зауыт басшылығы өз кезегінде кәсіпорынды іске қосып, сапалы цемент өнімдерін шығаратындықтарына сендірді.
Облыста жүзеге асырылып жатқан  аса ірі жобалардың бірі – цемент зауыты жылына екі миллион тонна өнім шығара алатын қуатқа ие.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар